Меню
Страницы

Прокуратура азаптауға қарсы

Прокуратура азаптауға қарсы

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп көзделген. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

25.03.2022 жылы Ақмола облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, оның ішінде азаптауларға қарсы іс-қимыл және тергеудің заңсыз әдістері бойынша алқа отырысын өткізді, оған құқық қорғау және арнайы органдардың барлық басшылары қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсат етілмеген ықпал ету әдістерімен байланысты проблемалық мәселелердің тізбесін айқындау болып табылады. Азаптаулар туралы істерді тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысқаны, 2021 жылғы және 2 айдағы 51 істің 48-і тоқтатылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта Бас прокуратура азаптау туралы істерді тергеу бойынша айрықша өкілеттіктерді прокурорға жүктей отырып, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өзгерту туралы заң жобасын әзірлеуде.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев Мемлекет басшысының қылмыстық қудалау органдары мен ҚАЖ мекемелерінің ғимараттарында жаппай бейнебақылау енгізу туралы тапсырмасын қысқа мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша басқа да ұсыныстар, оларды шешу жолдары енгізілді, оның ішінде азаптауды жою жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді. Бұл жұмыс ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен және құқық қорғаушылармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілетін болады.

Кездесуді қорытындылай келе, Айдос Майлыбаев прокурорларға тергеу изоляторлары мен қызметтік үй-жайларды, соның ішінде түнгі уақытта және демалыс күндері тексеруді тапсырды

Социальные медиа
youtube
telegram
Меню подвал
Национальный стандарт Республики Казахстан
Жизненные ситуации
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Новостной канал государственных органов
Концепция цифровой трансформации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК