Құрылым

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімдіктің және Павлодар қаласы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Өз қызметін Конституцияға және Қазқстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мемлекеттік мекеме» туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласының әкімдігі (бұдан әрі-әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аумағын дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қала әкімдігінің құрамын әкім (бұдан әрі – әкім) әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.

Әкімдік мүшелерінің санын әкім айқындайды.

Әкім әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және Екібастұз қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен келісіледі.

Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

Толығырақ

"Ақсу қаласының әкімінің аппараты" ММ

Қала әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады.

Павлодар облысы Ақсу қаласының құрылған күні - 1961 жылы.

Толығырақ

Баянауыл ауданының әкімдігі

Миссия, мақсат, қызмет тақырыбы, негізгі міндеттер, мемлекеттің функциялары, құқықтары мен міндеттері «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мекемелері 

1. «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Баянауыл ауданы аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша Баянауыл ауданы әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

2. «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты Баянауыл ауданы аумағында Баянауыл ауданы әкімінің мемлекеттік саясатты іске асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

3. «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні Баянауыл ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Толығырақ

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Президент саясатын іске асыру бойынша жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының қолданылуын, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік және салалық, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламалардың, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын үйлестіреді.

Облыстық атқарушы органдармен және аудандық мәслихатпен өзара қарым-қатынас.

Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері.

Аймақ аралық ынтымақтастық мәселелері, инвестицияларды тарту, табиғи ресурстарды пайдалану.

Бюджеттік саясатты және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру.

Аудандық сотпен, прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесімен, ауданның ішкі істер бөлімімен, ауданның Әділет басқармасымен және ауданның қорғаныс істері бөлімімен өзара қарым-қатынас

 

Толығырақ

Шарбақты ауданының әкімдігі

"Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығысында жайғасқан. Солтүстік пен солтүстік-шығысында Тереңкөлмен, батыс пен оңтүстік-батыста Павлодар ауданымен, солтүстік-шығысында Ресей Федерациясы Новосибирск ауданымен және Алтай өлкесімен шектеседі. Аудан бедері түзу, ауа райы күрт континенталды, топырағы каштанды. өсімдік әлемінде ақ селеу, бетегелі, қурай, шалғы, қамыстар бар, ал жануар әлемінде қасқыр, түлкі, қоян, қорқыс, сусыл және құстардан мекиен бөдене, үйрек, қаз және де басқа құстар бар.

Аудан тарихының бастамасы 1935 жылдың 31 қыркүйегінен басталады, СООҚ қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының Цюрюпин ауданаын ықшамдап Лозов ауданын құрды. Аудан құрамына 14 ауыл кеңесі кірді: Белоцерков, Богатырь, Дмитриев, Жайнақ, Лозов, Надаров Новопокров, Павлов, Равнополь, Рождествен, Таволжан, Успен, Үшкөл. Жоспар бойынша аудан орталығы Лозов селосы болды, ауданның алғаш атауы осыдан тараған. Бірақ соңында жаңа ауданның орталығы Успен селосы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан аудан Успен болып аталады.

1938 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының құрылғанына дейін Лозов ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Лозов ауданының халық саны, 1937 жылдың халық санағы бойынша, 16091 адам болды, соның ішінде еркектер-7806, әйелдер- 8285. 1940 жылдың 1 қаңтарына ауданда 18617 адам болды.

Толығырақ

Аққулы ауданының әкімдігі

"Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік орган және заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тілде өз атауы бар өз мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте шоты болады.
Аппарат аудан әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, Кадрлық, консультациялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Аппарат қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңы, әкімдіктердің, облыс және аудан әкімдерінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Аппараттың құрылтайшысы аудан әкімі атынан мемлекет болып табылады. Құрылтай құжаттары аудан әкімінің аппаратты құру туралы шешімі болып табылады.
Аппарат туралы ережені, оның құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер шегінде аудан әкімі бекітеді.
Аппарат өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.

Толығырақ

Телефон:

8-71839-21-3-76

Электрондық пошта:

kense.alr@pavlodar.gov.kz

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы әкімінің аппараты ММ Аудан әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы-басқарушы орган болып табылады.
"Ертіс ауданы әкімінің аппараты" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Ертіс ауданы әкімінің аппараты " ММ заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
"Ертіс ауданы әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген функцияларды (міндеттерді) жүзеге асырады. "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" ММ-нің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде, ММ ережесінде айқындалған міндеттер болып табылады.

Толығырақ

Май ауданының әкімдігі

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің жұмысын материалды-техникалық, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру- заңнамалық негізде қамтамасыз ететін атқарушы-белгілеуші орган болып табылады.

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституция, Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Үкімет акттері және басқа заңнамалық құқықтық акттер мен осы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңдық тұлға болып, Қазақстан Республикасының гербі бейнеленген мемлекеттік тілде аты жазылған печаті штампы, белгіленген тәртіптегі бланкі, заңмен белгіленген тәртіпте банктерде есебі болады.

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның, Президенттің, Үкіметтің акттері, басқа да заңдық, нормативтік құжаттарда белгіленген.

Толығырақ

Железин ауданының әкімдігі

«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы-өкімдік орган болып табылады.

Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Функционалдылыққа мыналар кіреді:

  • Президент саясатын іске асыру бойынша жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының қолданылуын, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік және салалық, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламалардың, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын үйлестіреді.
  • Облыстық атқарушы органдармен және аудандық мәслихатпен өзара қарым-қатынас.
  • Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері.
  • Аймақ аралық ынтымақтастық мәселелері, инвестицияларды тарту, табиғи ресурстарды пайдалану.
  • Бюджеттік саясатты және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру.
  • Аудандық сотпен, прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесімен, ауданның ішкі істер бөлімімен, ауданның Әділет басқармасымен және ауданның қорғаныс істері бөлімімен өзара қарым-қатынас.
Толығырақ

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар ауданы 1928 жылы бұрынғы Павлодар уезінің болыстарынан құрылған. 1930 жылға дейін аудан Павлодар округінің құрамына кірді. Ауданның жалпы ауданы 1930 жылы 22454 шаршы км-ге тең, оның ішінде егістік жерлер 1132648 га, шабындықтар-147595 га, жайылымдар-690718 га.Осы уақытта аудан халқы 53057 адамды құрады, оның ішінде 30346 адам ауыл халқы.

Егіншілік ауданның ауыл шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. 1931 жылы жаздық дақылдардың егістік алқабы 116068 га құрады. 1932 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша ауданда 40 шаруашылықты және 80 ауыл шаруашылығыартелін біріктіретін бір ауыл шаруашылығы комитеті болды, оның құрамына 8862 шаруашылық кірді. Ауданда барлығы 8902 шаруашылық ұжымдастырылды немесе ауданның барлық шаруашылықтарының 70,2% құрады.

Толығырақ

Телефон:

8/7182/32-20-89

Электрондық пошта:

kense.apr@pavlodar.gov.kz

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты қала әкімдігі мен әкімінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ