Қабдуәлиев Марат Зейнекенұлы- (02.05.1951 ж.т.)

1951 жылы 2 мамырда Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Екібастұз совхозында дүниеге келген.

1982 жылы «Сәулет және қала құрылысы» мамандығы бойынша Мәскеу сәулет институтының арнайы факультетін бітірді.

1985 жылдан 1994 жылға дейін Павлодар қалалық атқару комитетінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы – Қаланың бас сәулетшісі болып жұмыс істеді.

17 жыл бойы, 1994 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды, облыстың бас сәулетшісі болды.

Оның тікелей қатысуымен Павлодар қаласында Дачный, Усольский және Восточный шағын аудандары құрылып, салынды.

Жұмыс істеген жылдары «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы орындалды.

«Қазақстанның құрметті сәулетшісі» атағына ие болды.

Жарияланған күні

17 қаңтар 2022

Жаңарту күні

17 қаңтар 2022

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты