Павлодар қаласының тумасы. Білімі жоғары. 1957 жылы С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін, 1973 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді. Еңбек жолын Павлодар сүт консервілері зауытында бастады. 1957 жылдың желтоқсанында қалалық партия комитеті мен облыстық комсомол комитетінің ұсынысы бойынша жас маман ретінде облыстық статистика басқармасына басқарма бастығының орынбасары және бір мезгілде машина есептегіш станциясының бастығы лауазымына жіберілді, онда 12 жыл жұмыс істеді. 1961 жылы КОКП қатарына кірді. 1962 жылдан 1989 жылға дейін үзіліссіз қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1969 жылдың маусымында қалалық партия комитетінің 3 хатшысы (идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшы) болып сайланды. Бұл қызметте 1969-1973 жылдан жұмыс істеді. 1973 жылдың 20 сәуірінде бірінші аудандық партия конференциясында индустриалды аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Оның бастамасымен Павлодар қаласында Қазақ мектебінің жаңа ғимараты салынды, қазір олар Абай атындағы № 10 мектеп-лицейі, "8 марта" тігін фабрикасы, "Баянауыл" кинотеатры, "Аврора", "Космос" кинотеатры, 1200 орындық №1 емхана, 650 төсектік аурухана. Әсия Байзаққызы Павлодар облысы тарихындағы бірінші хатшы лауазымында бірінші әйел болды. Бұл қызметте ауысымсыз 16 жыл жұмыс істеді, яғни 1989 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін.
Марапаттары: "Еңбек Қызыл Ту" ордені, "Құрмет Белгісі" Ордені, "Тың жерлерді игергені үшін" медалі, "Еңбек ардагері" медалі, мерейтой медальдары, төсбелгілері, құрмет грамоталары, алғыс хаттар.