Жоба
Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі
Иса Байзақов ауылының
көше атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 -тармағына, Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Байзақов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1.Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылының Николаев көшесі - Қабыш Көктаев көшесі болып қайта аталсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байзақов ауылдық округінің әкімі А. Сыздыков