Ертіс ауданы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Ертіс ауданы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге арналған  тарифтерді бекіту туралы

Ертіс ауданы бойынша

2026 жылға арналған

мемлекеттік және

мемлекеттік емес секторларда

арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсетуге арналған

тарифтерді бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19,142-бабтарына сәйкес, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1,2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер белгіленсін.
  2. «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін;

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне жіберілсін;

2) осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                               Н.Жүсіпов

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер