Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
  2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 72/3 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4431 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

             Облыс әкімі                                                            Ә. Скаков

 

 

Дата публикации
13 октября 2020