«Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) 2021 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) мен екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) кепілдігімен 2021 жылғы өнімнің ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу жолымен облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі – АШТӨ) қаржыландыру бойынша жұмыстар басталды.
Форвардтық сатып алуда қатысатын жеткізушілердің тізімін Корпорация қалыптастырады және тиісті облыстың үйлестіру кеңесіне қарастыруға және бекітуге тапсырады. Үйлестіру кеңесі жеткізушінің ауыл шаруашылығы өнімдерін (бұдан әрі – АШӨ), жеткізу көлемін және жалпы егіс алқабын көрсете отырып, форвардтық сатып алуды Корпорациямен жүзеге асыру үшін облыстың жеткізушілер тізімін бекітеді.
Бұл ретте, АШӨ жеткізу көлемі жеткізушінің егіс алқабынан есептеледі және 1,5 гектарға дейін егіс алқабына 1 тоннадан аспайтын АШӨ құрайды, ал 2020 жылғы форвардтық сатып алуға қатыспайтын жеткізушілер үшін АШӨ жеткізу көлемі 2 гектарға дейін егіс алқабына 1 тоннадан аспайтын АШӨ құрайды.
Форвардтық сатып алу жолымен сатып алынатын АШӨ-не алдын-ала төлем мөлшері №1 қосымшада көрсетілген.
Бидай, арпа, сұлыды жеткізу кезіндегі міндеттемелерді орындау мерзімі –2021 жылдың 15 қарашасына дейін. Қарақұмық, күнбағыс, зығыр, рапс, соя жеткізу кезінде – 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
АШТӨ-дің ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу жөніндегі міндеттерді орындамау/тиісінше орындамау жағдайында уақытылы жеткізілмеген тауардың бағасынан 20 % мөлшеріндегі айыппұл көзделеді. Алдын-ала төлем сомасын қайтару ақшалай қаражатпен рұқсат етілмейді. Жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімі үшін үстеме ақы күзгі кезеңде жеткізу сәтіне туындаған нарық бағасы бойынша жүзеге асырылады.
Жеткізу шарттары – Корпорациямен анықталған астық қабылдау кәсіпорындарына EXW «Франко-зауыт» (Инкотермс-2020).
Сапалы сатып алынатын АШӨ көрсеткіштері №2 қосымшада көрсетілген.
Жеткізушілер қажетті құжаттар тізбесін №3 қосымшасына сәйкес ұсынады.
Қажетті құжаттар тізбесімен қоса өтінімдер электронды тәртіпте VKO@fcc.kz электрондық мекен-жайына немесе қағаз тасымалдағышта Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206-кеңсесі бойынша Корпорация өкілдігінде қабылданады.
Анықтама бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 87773181463-менеджер Нұржанова Гүлмира Ақанқызы, 87773137444- Кенжеғазин Нияз Кенжеғазинұлы немесе 8 (7232) 25 95 67, 8 (7232) 56 06 57, 8 (7232) 25 44 77.