«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.
01.01.2026ж. мен 31.08.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 36,2 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,0 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өңірлік бөлімшелердегі Қор мамандары азаматтарға жүзбе-жүз қызмет көрсетуін әлі де жалғастыруда. Десек те, мобильдік қызметтер мен веб-ресурстардың ыңғайлылығы аясында кеңселерге өзі барып қызмет алу үлесі ең аз көрсеткішке ие боп қала береді. Мәселен, күндізгі форматта 516,7 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде 504,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылған.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.
Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,3 млн бірлікке жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 25,0 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 2,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 88,8 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.
БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 39,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 783,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 27,5 мың материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 283,0 мың өтініш түсті.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
Алдабергенова Р.Ш Ақсу қ. ҚКО бастығы «БЖЗҚ» АҚ
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.
2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд теңгені құрады.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.
2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.
БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,14 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
Алдабергенова Р.Ш Ақсу қ. ҚКО бастығы «БЖЗҚ» АҚ
Табиғат аясында демалу немесе жұмыс істеу кезінде кене шағу қаупі бар. Сонымен қатар, кенелерді үйге үй жануарлары немесе дала гүлдері арқылы алып келу мүмкін.
Кенелер кене энцефалиті мен Лайм ауруы сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін. Алайда Ақсу өңірі кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумаққа жатпайды, яғни бұл ауруды тарататын кене түрі біздің өңірде кездеспейді. Соған қарамастан, кене шаққаннан кейін қандай да бір мазасыз белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Кене шағу қаупін азайту үшін табиғатқа шығар алдында ұзын жеңді, жең ұштары қысып тұратын киім, жабық аяқ киім мен бас киім киіп, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып жүрген жөн. Ашық түсті киім таңдаған дұрыс, өйткені оның үстінде кенені оңай байқауға болады.
Табиғатта жүрген кезде киіміңіз бен ашық дене бөліктерін жиі тексеріп тұрыңыз, кенеге қарсы репелленттерді қолданыңыз. Серуеннен кейін үй жануарларын міндетті түрде қарап шығыңыз.
Егер кене энцефалиті бойынша эндемиялық өңірлерге баруды жоспарласаңыз, сақтық шараларын қатаң сақтаңыз. Табиғи ошақтарда жұмыс істейтін адамдарға кене энцефалитіне қарсы профилактикалық вакцинация ұсынылады.
Есіңізде болсын: қарапайым сақтық шараларын сақтау өзіңізді және жақындарыңызды кене шағуынан және онымен байланысты жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова
Көкөністер мен жемістердегі нитраттар: қауіпсіз өнімді қалай таңдауға болады
Жаңа піскен көкөністер мен жемістер жыл бойы сатылғанымен, ерте пісетін өнімдерде нитраттардың мөлшері жоғары болуы мүмкін. Нитраттардың өзі емес, олардың шамадан тыс мөлшері қауіпті, өйткені ол асқазан-ішек жолының бұзылуына, улануға және денсаулыққа басқа да кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қауіптің алдын алу үшін:
көкөністерді, жемістерді және бақша өнімдерін тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;
маусымдық өнімдерге басымдық беріңіз;
көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, қабығын, тамырын және сабағын тазалаңыз;
кесілген қарбыз бен қауынды сатып алмаңыз, ал кесілген өнімді тек тоңазытқышта сақтаңыз.
Осы қарапайым ұсынымдарды сақтау қауіпсіз өнімді таңдауға және өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Ақсу қ. СЭББ бас маман Е.Н. Гулина
Биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) дәрі-дәрмектерден басты айырмашылығы — олардың мақсатында және олардың тексерілу қатаңдығында. Дәрілік заттар нақты ауруларды емдеуге, жеңілдетуге немесе олардың алдын алуға арналған. Олар өздерінің қауіпсіздігі мен терапиялық тиімділігін растайтын көпжылдық клиникалық зерттеулерден өтеді, ал олардың өндірісі мемлекет тарапынан қатаң бақыланады. ББҚ-лар болса тамақ өнімдерінің санатына жатады. Олар ауруды емдей алмайды, тек күнделікті рационымызды байытып, дәрумендер мен минералдардың тапшылығын толтыруға ғана арналған.
Оларды тіркеу механизмдері де әртүрлі. Дәрі-дәрмек дәріханаға түсуі үшін өндіруші оның химиялық құрамын, әсер етуші заттың нақты дозасын дәлелдеуге және барлық ықтимал жанама әсерлерін сипаттауға міндетті. ББҚ-ны тіркеу процедурасы айтарлықтай қарапайым: сарапшылар қоспаны негізінен қауіпсіздік тұрғысынан тексереді — оның құрамында ауыр металдар, токсиндер немесе тыйым салынған заттар болмауы тиіс. Бұл ретте ББҚ капсуласындағы пайдалы компоненттердің нақты концентрациясы құбылып тұруы мүмкін, ал олардың ағзаға тигізетін нақты пайдасы заңнамалық деңгейде тексерілмейді.
Тұтынушы үшін осы өнімдерді таңдау кезінде қауіпсіздік ережелерін есте сақтау маңызды. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді «табиғи» әсерден үміттеніп, ешқашан ББҚ-лармен алмастырмаңыз — бұл ауруды асқындырып жіберуі мүмкін. Дәрілік препараттарды қатаң түрде нұсқаулық бойынша және маманның рецептімен қабылдау қажет. Қоспаларды да бақылаусыз ішуге болмайды, өйткені дәрумендердің артық болуы олардың тапшылығынан да қауіптірек болуы мүмкін. Кез келген курсты бастамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, талдаулар (анализ) тапсырыңыз.
Ақсу қ. СЭББ жетекші маман Я.М.Умербекова
Құтырма – табиғи-ошақтық, аса қауіпті әрі өлім-жітімі жоғары жұқпалы ауру. Оны құтырма вирусы (Rabies virus) қоздырады. Ауру жұққан жануардың сілекейі арқылы, көбіне тістеу нәтижесінде таралып, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Клиникалық белгілері пайда болған сәттен бастап құтырма салдарынан өлім-жітім 100% құрайды.
Инфекция көзі болып жабайы жануарлардан – қасқыр, түлкі, шакал, борсық, скунс, жарқанат пен кеміргіштер саналады. Ал үй жануарларының ішінде ит пен мысық негізгі тасымалдаушылар.
Аурудың алдын алудағы басты назар – вакцинация. Егулер тек кәсіби қауіпті топтағы адамдарға ғана емес (қадағалаусыз жануарларды аулау және ұстау қызметкерлері, егерьлер, аңшылық инспекторлар, ветеринарлар, мал сою пункттерінің жұмысшылары, таксидермистер мен кинологтар) жануарларға да қажет. Үй жануарларын, қаңғыбас және жабайы жануарларды тұрақты түрде вакцинациялау – инфекцияның таралуын болдырмаудың негізгі тетігі. Ал жануардың тістеуі не тырнауы жағдайында карантиндік шараларды қатаң сақтау аса маңызды.
Адамды жануар тістеп немесе тырнап алса, жарақат орнын дереу өңдеу қажет: жараны мол мөлшерде ағын сумен және сабынмен мұқият жуу, кейіннен 40–70% спиртпен немесе йодпен дезинфекциялау ұсынылады. Бұдан соң тез арада медициналық көмекке жүгініп, арнайы емдік-профилактикалық егу курсын алу қажет.
Әлемде жыл сайын 28 қыркүйек – Құтырмамен күресудің Дүниежүзілік күні атап өтіледі. Бұл күн құтырманың алдын алуға болатындығын, ең бастысы қарапайым әрі өмірлік маңызы бар сақтық шараларын ұстанудың қажеттігін еске салады.
Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова
Ботулизм – сирек кездесетін, бірақ адам өміріне аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол Clostridium botulinum бактериясы бөлетін ботулотоксиннің ағзаға түсуі нәтижесінде дамиды. Бұл уыт жүйке жүйесін зақымдап, бұлшықеттердің салдануына әкелуі мүмкін. Көп жағдайда ботулизм үй жағдайында дайындалған консервілерді, әсіресе ет, балық, көкөніс және саңырауқұлақ өнімдерін тұтынумен байланысты болады. Ауа кірмейтін ортада бактерия белсенді көбейіп, улы зат бөледі, ал тағамның сыртқы түрі мен иісі өзгермеуі мүмкін.
Ауру белгілері тағамды пайдаланғаннан кейін бірнеше сағаттан бастап 1-2 тәулік ішінде байқалады. Ботулизмге тән белгілерге көрудің бұзылуы, көздің екіленіп көруі, ауыздың құрғауы, сөйлеу мен жұтынудың қиындауы, бұлшықеттердің әлсіздігі және тыныс алудың қиындауы жатады. Уақытында медициналық көмек көрсетілмесе, ауру ауыр асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін.
Ботулизмнің алдын алуда тағам өнімдерін дайындау және сақтау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау ерекше маңызға ие. Үй жағдайында консервілеу барысында өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеуден өткізу, стерильді ыдыстарды пайдалану және сақтау мерзімін қатаң бақылау қажет. Қысыммен жабылатын немесе ұзақ уақыт сақталған үй консервілерін қолданар алдында мұқият тексеру ұсынылады.
Сонымен қатар, тағам өнімдерін сатып алу кезінде олардың шығу тегі мен сапасына назар аудару қажет. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, жеке тұлғалардан сатылатын үйде дайындалған консервілерді тұтыну ботулизм қаупін арттырады. Алғашқы белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аурудың ауыр асқынуларының алдын алудың негізгі шарты болып табылады.
Тағам қауіпсіздігін сақтау - әр азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігі.
Ақсу қ. СЭББ бас маман Е.Н. Гулина
Бруцеллез – адамға ауыл шаруашылығы жануарларынан жұғатын жұқпалы ауру. Ауру көбінесе ауру малмен тікелей байланыс кезінде немесе пастерленбеген сүт пен сүт өнімдерін тұтыну арқылы беріледі.
Бруцеллездің алдын алу үшін:
Егер жануарлармен байланыстан кейін немесе тексерілмеген сүт өнімдерін тұтынған соң дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі, әлсіздік, қатты тершеңдік, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы сияқты белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Қарапайым алдын алу шараларын сақтау бруцеллезді жұқтырудың алдын алуға, денсаулықты сақтауға және инфекцияның таралу қаупін төмендетуге көмектеседі.
Ақсу қ. СЭББ бас маман М.М. Есельбаева
Вакцинация – инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Ол ағзада арнайы иммунитет қалыптастырып, аурудың ауыр ағымын, асқынуларын және өлім қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Неліктен вакцинация маңызды?
* қауіпті инфекциялық аурулардан қорғайды;
* ауыр асқынулардың алдын алады;
* инфекциялардың халық арасында таралуын төмендетеді;
* ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді;
* балаларды, қарттарды және созылмалы аурулары бар адамдарды қорғауға көмектеседі.
Есте сақтаңыз
Профилактикалық егулер Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Уақтылы вакцинация – өз денсаулығыңызды және қоғамның саулығын қорғаудың сенімді жолы.
Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова
Әдетте мұндай инфекциялар ауруханаға жатқызылғаннан кейін кемінде 48 сағат өткен соң дамиды және медициналық ұйымда болумен байланысты болады.
АІИ-дің негізгі қоздырғыштары — шартты-патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтар. Олардың көпшілігі бактерияға қарсы препараттарға төзімді болып келеді және «ауруханалық штамдар» деп аталатын түрлерді түзеді. Инфекцияның даму қаупі катетерлерді ұзақ уақыт қолданғанда, инвазиялық ем-шаралар жүргізілгенде, хирургиялық операциялар кезінде, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы режим сақталмаған жағдайда артады.
Ауруханаішілік инфекциялар екі негізгі топқа бөлінеді:
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу асептика және антисептика қағидаларын қатаң сақтауға, медициналық бұйымдарды сапалы стерилизациялауға, жабдықтар мен үй-жайларды уақтылы дезинфекциялауға, заманауи антисептикалық құралдарды қолдануға, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізуге негізделген.
Ауруханаішілік инфекцияларды емдеу ауруды қоздырған микроорганизмге байланысты таңдалатын антибиотиктерді қолдану арқылы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда иммундық жүйені қолдайтын дәрілік препараттар тағайындалады.
Ақсу қ. СЭББ бөлім басшысы К.Е. Сагитова