«Үркер» тұрғын алабында іске асырылатын жобалар бойынша ақпарат
Ағымдағы жылы «Ильинка кентінің шығысындағы жеке тұрғын үйге инженерлік желілер. 3-ші кезек» жобасын іске асыру шеңберінде канализация желілерінің құрылысы – 4,5 км, асфальтбетонды жабындысы бар жолдардың – 6,5 км Доспамбет жырау, Беғазы Дәндібай, Бекет ата көшелерінің, Әміре Қашаубаев көшесінің бір бөлігі, сондай-ақ Б. Саттарханов, Сәдуақасов, Танашев, Мәди, Омбы көшелері және т. б. аяқталды. Бабажанов, Салбурын, Қармақшы, Исатай батыр және т.б. көшелерінде 2,2 км электрмен жабдықтау желілерінің, 65 000 м2 жаяу жүргіншілер тротуарының құрылысы, № 10, 11, 9, 20 4 КСС монтаждау және № 25, 14, 18, 16, 17, 13 КСС бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары орындалды.