Меню
Страницы
Аппарат акима
Документы
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Аулаларды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Аулаларды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Сарыарқа ауданының орамішілік аумақтарын тазалау сағат 7.00-17.00 аралығында жүргізіледі. Аула аумақтарындағы қарды тазалау және шығару қар жауған күннен кейін үш тәуліктің ішінде жүзеге асырылады. Қараша айының 23-24 күндері қардың бір айлық нормасы жауғанына байланысты жұмыс кестесінде өзгерістер болуда. Айта кетейік, тұрғын үйден 5 метрге дейінгі жерді тазалауға тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйым (КСК, ОСИ), ал аулалар мен ішкі орамішілік көшелерді тазалауға коммуналдық қызмет жауапты.

Сарыарқа ауданында орамішілік қар тазалау жұмыстарын 11 мердігерлік ұйым жүзеге асырады. Онда 36 техника 144 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ауданның тұрғын алаптарын ("Көктал-1,2" және "Агроқалашық") тазалауға ерекше көңіл бөлінеді. Тұрғын алаптарда үйілген қарды шығару айына бір рет немесе қажет болған жағдайда жүргізіледі.

Дата публикации
08 декабря 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития