Алматы ауданында проблемалық тұрғын үй кешендері электр қуатымен жабдықтаудың тұрақты желілеріне қосылуда

Алматы ауданында проблемалық тұрғын үй кешендері электр қуатымен жабдықтаудың тұрақты желілеріне қосылуда
Үздіксіз электр қуатымен жабдықтау қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігі. Алайда, Алматы ауданында орналасқан 12 көппәтерлі тұрғын үй кейбір құрылыс салушылардың теріс әрекеттерінің салдарынан он жылға жуық уақыт бойы электр қуатынсыз отыр. Себебі нысандарды пайдалануға беру кезінде жосықсыз құрылыс компаниялары бұл үйлерді уақытша электр қуатымен жабдықтау желілеріне қосқан. Нәтижесінде тұрғындардың қандай проблемаларға тап болғаны айтпаса да түсінікті, олар аөша қаражатының жетіспеушілігінен бұл мәселені өз күшімен шеше алмады. Қазір жағдай күрт өзгерді: аудан әкімдігі үйлерді тұрақты желіге ауыстыру бойынша жұмысжүргізетін инвесторларды тапты. «Орбита» ТК (Петров к-сі, 10) электр қуаты берілді. Тиісті жұмыстар «Достық» ТК қолға алынды. Қазіргі кезде «Аспан» ТК тұрақты желілеріне ауыстыруды жобалау келісілуде. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.