Коммуналдық қызметтер Алматы ауданында орналасқан шағын сәулет нысандарын, тротуарларды, балалар алаңдарын және басқа да қоғамдық орындарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жол төсемдері, әткеншектер, тренажерлар және қыста бүлінген басқа да нысандар ретке келтіріледі. Тұрғындардан олар үшін жабдықталған алаңдарға ұқыпты қарап, коммуналдық қызмет жұмысшыларының еңбегін бағаулауға шақырамыз. Ауданымызды ажарлы, таза күйде ұстайық.