Таңертенгілік жаттығу барысында абайсызда ұялы телефонын жоғалтқан қала тұрғыны теңіз жағалауында орналасқан “Каспий” стационарлық постындағы полицейлерге көмекке жүгінген. Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында жоғалған ұялы телефонды тауып, иесіне қайтарды. Өз кезегінде, тұрғын полицияларға алғысын білдірді.
https://www.instagram.com/reel/Csn8fy6gOKt/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==