Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Алғысым шексіз!!

Дүрбелеңге толы дөңгеленген әлемде полиция қызметкерлеріне деген көзқарас 180 градусқа теріске өзгергені баршамызға аян. Қаншама жасалынып жатқан қылмыстарды ашу барысында полицияның олқылық танытқан тұстары жоқ емес. Әрине болды. Кемшіліксіз дүние болмас.

,,Көш жүре түзеледі"" деген халық даналығын ұмытпағанымызда жөн.

01.01.2021жылы Қызылорда- Маңғышылақ бағытымен Ақтауға жолға шықтым.

Таңда Ақтау станциясына келіп тоқтағаған поездан түскенімде құны 420.000 теңге бағалы заттарымның ұрланғанын бір- ақ білдім.

Дереу Көліктегі Полиция Департаменті Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне жоғалған құнды заттарым туралы арыз түсірдім.

Аға тергеуші Садуақасов Наурызбек, аға жедел уәкіл Жақсылықов Жомарт бастаған Жедел тергеу тобы бірден іске кірісті.

Іштей ,,Еее, не табушы еді" деген сенімсіздігім болғанында жасырмаймын.

Бар жоғы екі сағатқа жетер- жетпес уақытта ұрланған заттарымды тауып әкелгенде, өз ойымнан өзім ұялдым..

  1. мың теңге бәлкім біреулерге полицияға арызданатын дүние болып көрінбес. Бірақ бұл маңдай тер, адал еңбегімізбен табылған дүние еді мен үшін.

....Әрбір полиция қызметкері дәл осылай таза,әрі адал,еш пврасыз жұмыс жасаса, біздің еліміздің жарқын болашағына деген әрбір азаматтың жүрегінде сенім ұялары сөзсіз!!.

Жедел тергеу тобы қызметкерлерінің тиянақты жұмыс жасауына әрине басшылықтыңда ықпалы зор екенін жақсы түсінемін.

Көлік-жол транспорт Департаментінің басшысы Оңал Бекеев мырзаға,

Бөлім бастығы Изкенов Еркебұлан мырзаға, орынбасары Қызылбаев Қуанышкерей мырзаға алғысым шексіз. Осындай өз жұмысын жауапкершілікпен атқаратын қызметкерлеріңіз мекеме беделін,жалпы полиция беделін көтере беруіне тілектеспін.

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің осы атқарған еңбектері ары қарайда жалғасын таба беретініне нық сеніммен үміт артамын.

Еңбектеріңіз жана берсін.!!

Ажар Садықова.

Қызылорда қаласы.

11.01.2021жыл

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
26 апреля 2023
Миграционный дайджест по Казахстану
12 января 2021
Транспортные полицейские оперативно нашли утерянный сотовый телефон

Социальные медиа

Instagram
vk.com
facebook
twitter

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК