
Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің полиция майоры Кәжденбек Әлиев және полиция сержанты Рахат Мырзабай
Еске сала кетейік, жақында Қызылорда станциясында 3 жасар бала жоғалып, вагон ішінен табылған болатын. Жедел іздестіру іс шарасының арқасында 3 жасар Ахмедияр анасымен сол күні табысты.
Аталмыш жағдайдан соң баланың анасы Индира Тыныштыққызы бөлім қызметкерлері мен Көлік полициясының басшылығына зор алғысын білдіруде.