
Шымкентте Патрульдік полицияның «Үздік маманы» анықталды
«Үздік маман» байқауының негізгі мақсаты – патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, олардың қызметтегі тиімділігін арттыру болып табылады.
Аталған шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті бойынша үздік деп танылған 15 қызметкер қатысты.
Байқаудың алғашқы күні полиция қызметкерлері экстремалды жағдайда дайындықтарын тексеру үшін атыс, дене дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сынақтан өтті. Сонымен қатар олардың функционалдық міндеттеріне қатысты практикалық тапсырмалар берілді.
Екінші күні байқау қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларын және ішкі істер органдарының қызметін реттейтін басқа да құқықтық актілерді меңгеруі бойынша тестілеуден өтті.
Жарыстың қорытындысы бойынша ППП қызмет инспекторы полиция аға лейтенантты Хошимов Дулат Куанбаевич, ППП Взвод командирі полиция капитаны Есіркепов Абылайхан Әбдісаттарұлы, ППП рота командирі полиция майоры Мусаев Мақсат Мақсымұлы «Үздік маман» атанды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен мадақтау қағазы табыс етілді.
Бұл байқау қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға және қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған.
Жеңімпаздар алдағы уақытта Астанада өтетін республикалық «2025 жылғы Үздік маман» байқауына Шымкент қаласы Полиция департаменті атынан жолданатын болады.