

Полиция қызметкерлері алғыстарын білдіріп, сый-сияпатпен зейнеткер әріптестерін – милиция майорлары, отставкадағы Шейко Алевтина Дмитриевнаны және Порывай Клавдия Федоровнаны арнайы барып құттықтады.
Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов көші-қон саласындағы және аймақтағы көші-қон үдерістерін басқарудағы еңбектері мен жетістіктері үшін ризашылығын білдірді:
– 1 қазан – аға буынның қоғамдағы рөлі мен баға жетпес еңбегін еске салатын мереке. Сіздер біздің өңірде паспорт-виза қызметінің қалыптасуы мен дамуының басы-қасында болдыңыздар. Қызмет барысында бізді әрқашан қамқорлықтарыңызбен, даналықтарыңызбен және қолдауларыңызбен қоршап жүрдіңіздер! Қажырлы еңбектеріңізбен құрмет пен ризашылыққа бөлендіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен белсенді ұзақ ғұмыр тілеймін.
Өз кезегінде ардагерлер әріптестерінің қолдауына, көңіл бөлуіне ризашылығын білдірді. Әңгіме барысында ардагерлер қызмет жылдарын сағынышпен еске алып, қазіргі көші-қон қызметінің ұжымына жемісті еңбек пен кәсіби даму тіледі.
Жалпыға ортақ сурет олардың бай өмірбаянындағы тағы бір есте қаларлық бетке айналды. Айта кету керек, өңірдің тәртіп сақшылары әрқашан ардагерлермен байланыста болып, жиі барып құттықтап, барша мерекелерде назардан тыс қалдырмайды. Өйткені қарттар үшін қамқорлық пен көңіл бөлу өте маңызды.
Қоғамдық көлік жүргізушілеріне жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ерекше жауапкершілік жүктелген. Алайда, барлығы бірдей рөлде отырған кезде – адам өміріне жауапты екенін түсіне бермейді.
Автобус жүргізушілерінің жиі жасайтын ең қауіпті құқықбұзушылықтарының бірі – көлік жүргізу барысында телефон пайдалану. Осындай заңбұзушылық жасаған кезекті жүргізушіге қатысты полицияға павлодарлық тұрғын шағымданды.
- Күн сайын автобустардың, маршруткалардың және трамвайлардың жүргізушілері телефонға көңіл бөліп, ондаған адамның өмірін қатерге тігетінін көреміз. Жақында маршруткада келе жатып, аң-таң болдым: жүргізуші рөлде отырып бейнеконференция өткізді. Дауыс көтеріп сөйлесіп, қатты күліп отырды, бұл жолдағы қауіптілікті еселей түсті, – деп хабарлады ашуланған жолаушы.
- Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Биылғы кезеңде көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланғаны үшін 2360 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске саламыз. Осыған байланысты жүргізушілерді ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырамыз. Гаджеттің кез келген түрін қолдану – соның ішінде сөйлесу, бейнеролик қарау, хабарлама жазысу – бұл заңбұзушылық болып табылады, – деп атап өтті Павлодар облысының ПД.
«Учаске» және «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шара аясында Ертіс ауданы полицейлер қауіпсіздік сабағын өткізді.
Құқық қорғаушылар оқушыларға құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы айтып берді. Кәмелетке толмағандар арасында ең көп кездесетін құқықбұзушылықтарға назар аудартып, нақты мысалдар келтірді, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірді. Сондай-ақ өзіңді және жақындарыңды фишингтен, криптовалютаға қатысты алаяқтықтан және жаңа қылмыс түрлерінен қалай сақтану керектігін баяндады. Елде дропперлік, сталкинг және мәжбүрлеп үйлендіру үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілгенін түсіндірді.
Сондай-ақ кездесу барысында балаларға түнгі уақытта көшеде серуендеу ережелері, ойын-сауық орындарының қауіптілігі жайлы айтылып, нашақорлық, құмар ойын, маскүнемдік және қоғамдық тәртіп бұзудың қауіптері жөнінде ескертілді.
– Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, тәртіп пен заңдылықты сақтауға шақыру – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз барлығын заң мен тәртіпті сақтауға, бір-біріне және айналаға құрметпен қарауға шақырамыз, – деді полиция сақшылары.
Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заң талаптарын түсіндіру жұмысын жалғастыруда. 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киім киюге тыйым салатын норма күшіне енді. Бұл шараның мақсаты – тәртіпті сақтау және азаматтарды қорғау.
– Тыйым адамның бетін тануға кедергі келтіретін гардеробтағы кез келген заттарға қолданылады. Олардың қатарына никаб, бурка, балаклава, медициналық маскалар (медициналық көрсетілімсіз), сондай-ақ басқа да бетті жабатын құралдар кіреді. Мұндай заттар бейнебақылау жүйелері мен бет-әлпетті тану технологияларының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, қылмыстарды ашу мен құқық бұзушылықтарды тергеуді қиындатады, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД.
Кей жағдайларда қаскөйлер ұрлық, тонау, алаяқтық және өзге де заңсыз әрекеттер жасау үшін әдейі бет-жүзді жабатын киімді пайдаланады. Алайда тыйым тұлғаның жүзін ашық қалдыратын дәстүрлі, діни немесе ұлттық киімге қатысты емес. Рұқсат етіледі: хиджаб, шейла, химар, аль-амира.
Заңда тыйымнан тыс жағдайлар да қарастырылған. Бетті жабуға медициналық көрсетілімдерге байланысты, суық мезгілде, қызметтік міндеттерін орындау кезінде, спорттық және мәдени іс-шараларда жол беріледі.
Аталған шектеу дінге немесе мәдениетке қарсы бағытталмаған, ол тек қана қоғамдық орындарда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы барысында тұлғаның айқын көрінуін қамтамасыз етуге арналған.
Павлодар облысының Полиция департаменті халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуде. Полицейлер жаңа заң нормаларын түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде және құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыс атқаруда.
Аталған сервис арқылы полицияға 708 облыс тұрғыны жүгінді. Оның ішінде 311 өтініш Омниканальді мобильді қосымшасы арқылы, 240 өтініш Egov Mobile қосымшасы арқылы, соның ішінде 139-ы Kaspi.kz қосымшасы арқылы түскен.
Мысалы, Омниканальді жүйесіне павлодарлықтардан бейне және мәтіндік хабарламалар келіп түскен. Онда жүргізушінің қарсы жолаққа шыққаны, көршінің көлікті шығатын жолды жауып қойғаны, сондай-ақ тоқтау сызығына өткен фактілері көрсетілген.
Kaspi.kz қосымшасы арқылы да хабарламалар түсуде. Мысалы, тұрғындардың бірі 29 қараша көшесінде «тоқтауға», «тұруға тыйым салынады» белгісінің астында автокөліктің тұрғанын және ол көліктің жолды бөгеп тұрғанын хабарлаған. Egov арқылы Ткачев көшесінде иесі ұзақ уақыт пайдаланбай қойған «Ниссан» автокөлігі туралы бейне және мәтіндік хабарлама келіп түсті.
Барлық құқықбұзушылар полиция тарапынан анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетсек, 23 маусымда ҚР ІІМ азаматтардың құқықбұзушылықтар туралы тікелей полицияға хабарлауына мүмкіндік беретін “Заң және тәртіп” цифрлық сервисін іске қосты. Egov Mobile қосымшасының басты бетінде «Заң және тәртіп» атты жеке белгіше пайда болды. Оның көмегімен хабарламаны тез жіберуге болады. Өтініш нысаны қарапайым әрі түсінікті.
- Оқиға туралы сигнал — мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасылық зорлық-зомбылық немесе жол-көлік оқиғасы жөнінде — ақпарат түсіп, полиция белгі түскеннен кейін бірден әрекет етеді. Ұқсас белгішелер кейбір банк қосымшаларына да енгізілген, бұл сервисті кең аудиторияға қолжетімді етеді. Жоба Мемлекет басшысының “Заң және тәртіп” бастамасын іске асыру аясында ІІМ жұмысының цифрландыру процесінің бір бөлігі болды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Ведомствоның мәлімдеуінше, негізгі мақсат — полиция мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету және жеделдету, әрекет ету жеделдігін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер еліміздің бүкіл аумағында қабылданады.
Павлодар ауданында полиция қызметкерлері "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы аясында колледж студенттерімен және аудан мектептерінің оқушыларымен кездесулер өткізеді.
- Іс-шаралар отбасына оң көзқараспен қарау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың жағымсыз жақтарын көрсету, зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерімен таныстыру, қалыптасқан жағдайдан дұрыс шығу жолын көрсету мақсатында өткізіледі. Кездесулер "сұрақ-жауап" форматында өтті, онда полиция қызметкерлері жасөспірімдермен бірге сұраққа жауап іздеді, осылайша балаларды осындай нәзік тақырыпта достық және ашық диалогқа барынша жақындатуға тырысты, - деп хабарлады Павлодар аудандық полиция бөлімі.
Мысалы, оқушыларға сұрақтар қойылды: қандай жағдайларды немесе әрекеттерді зорлық-зомбылық деп атауға болады? Бұл әрекеттерді жасайтын адамдарды қалай сипаттауға болады? Зорлық-зомбылық және отбасылық зорлық-зомбылық дегеніміз не, ол қалай болады, оны қалай ескертуге болады және егер ол орын алса, бұл жағдайда не істеу керек?
Оқушылар қойылған барлық сұрақтарға белсенді жауап беріп, барлық жағдайларды талдады.
Әңгімелесу барысында тәртіп сақшылары жанжалды қалай айналып өту керектігін айтып, үйде, мектепте немесе көшеде кез - келген жанжал жағдайында жасөспірімдерді "айналып өтуді" үйренуге шақырды - әрқашан қарым-қатынаста "өзін-өзі ұста» білу". Мектепте өзін мұғалімнің "орнына" жиі қойып көру.
- Мүмкін бұл олардың талаптарын түсінуге және қабылдауға, адамды өзіндей құрметтеуге және сыйлауға әрекет етуге көмектеседі, - деп атап өтті полиция.
Оқушыларға 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енген ҚР ҚК 232-1-бабы бойынша дропперлікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді. Делдал ретінде қылмыстық схемаларға қатысу – дроппер тақырыбына ерекше назар аударылды. Студенттерге және жоғары сынып оқушыларына алаяқтардың тұзағына түспеу туралы айтылды, қандай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. "Сыйақы үшін көмектесуге" келісу арқылы қылмыстық тізбектің бір бөлігі болу қаншалықты оңай екенін анық көрсететін бейнелер көрсетілді.
Із-түзсіз жоғалғандар мен әділеттен жасырынған азаматтарды іздестіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Заң бұзғандар жазадан қашып құтылуға үміттеніп жасырынады, алайда жедел уәкілдер оларды анықтау үшін арнайы алгоритмдер мен бағдарламаларды қолданады.
- Полиция жұмысының тиімділігінде қызметкерлердің мұқияттылығы мен қырағылығы да маңызды рөл атқарады. Ақыр соңында ұзақ уақыт ақпарат жинап, нұсқаларды қайта-қайта тексеру қылмыскердің жасаған ісі үшін бәрібір жауап беретінімен аяқталады, – деп атап өтті Павлодар облысының ПД.
Мысалы, жедел уәкілдер Павлодар қаласындағы Майра көшесіндегі үйдің ауласында 2024 жылдың қазан айынан бері облыс аумағында бұзақылық жасағаны үшін тергеуден жасырынған ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 77 қылмыскердің тұрған жерін полиция анықтады.
Қытайдың Үрімші қаласында алғаш рет Қытай және Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары арасында халықаралық турнир өтті.
- Полицейлер еркін күрес, кикбоксинг, әртүрлі қарудан ату сайыстарында бақ сынасты. Осындай ауқымды жарыста ел мен облыс намысын қорғау мәртебесі Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкері Қанағат Ыдырышевқа бұйырды. Жоғары деңгейдегі шеберлігін, спорттық шыдамдылығы мен рух күшін көрсеткен ол бірнеше номинацияда жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
Ату сайысында полицей-спортшы жаттығуларды орындау жылдамдығы мен дәлдік нәтижелері бойынша бірінші орынды иеленді. Кедергілерден өту және еркін күрес жарыстарында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орынға көтерілді.
- Әр жеңіс – үздіксіз жаттығулар мен қатаң тәртіптің нәтижесі. Мен бала кезімнен спортпен шұғылданып келемін, салауатты өмір салтын ұстанамын. Спорт адамды шыңдап, мінезі мен рухын тәрбиелейді деп сенемін. Мұндай турнирлер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және полицейлердің кәсіби дайындығын арттыруға ықпал етеді. Жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, әрдайым дамып, үлкен жеңістерге ұмтылу қажет, – дейді Қанағат.
Айта кетейік, Қанағат Ыдырышев – еркін күрестен спорт шебері, қолма-қол ұрыстан, жауынгерлік самбодан және қазақша күрестен спорт шеберлігіне кандидат. Спортшы-қызметкерлердің жетістіктері – полиция қызметінің қоғамдағы беделі мен абыройын арттырады. Полицейлер үнемі халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр, – деп атап өтті полиция ведомствосы.
Республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы аясында Павлодар облысының полицейлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады.
Мәселен, Павлодар қаласында Восточная көшесінде полиция қызметкерлері Kia Rio автокөлігін тоқтатты. Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі шыққаны байқалды. Ол көлік басқарудан шеттетіліп, белгіленген тәртіппен медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Қорытындыға сәйкес, жүргізуші масаң күйде болғаны анықталды. Басқа жағдайда, Ак.Марғұлан мен Естай көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқанда, жүргізушінің уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны медициналық сараптама арқылы дәлелденді.
— Айта кету керек, екі жүргізуші де бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Іс-шара басталғалы бері жол қозғалысын қадағалау кезінде полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты шамамен екі мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады:195 жүргізуші маневр жасау ережесін сақтамаған, 45 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, 19 жүргізуші апаттық жағдай туғызған,16 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан.
Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 118 автокөлік айыптұраққа қойылды, қосымша 44 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.
Полиция жүргізушілерді мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады! Өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін қауіпке тікпеңіз! Еске саламыз, «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
#Заң&тәртіп#Закон&порядок#Заңментәртіп#Законипорядок
#Біздің&полиция #Наша&полиция #Біздіңполиция #Нашаполиция
Облыста 1 қыркүйектен бастау алған республикалық «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы нәтижелердің өзі жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін көрсетіп отыр.
— Тұрғын үйлерді аралау нәтижесінде полиция қызметкерлері 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті. Атап айтқанда, 1000-нан астам азамат тіркеусіз тұрып, көші-қон заңнамасын бұзған. Тұрғылықты жері бойынша тексерілген 4 мың азаматтық қару иесінің 43-і қаруды тіркеу және сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 34 тіркелмеген қару бірлігі тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
Іс-шара барысында тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары да жүргізілуде. 60 азамат тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды, 1256 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды, 853-іне мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмеген 40 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
— Облыс орталығында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз Катаев көшесінде жүрген жасөспірім ұсталды. Ештеңеден бейхабар анасы полицияға шақырылып, ұлының үйден тыс жерде болғанын сол жерде білді. Жасөспірім достарымен қыдырып, уақытқа қарамағанын түсіндірді, – деп мәлімдеді ведомствода.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті және адамдар көп жиналатын жерлерде мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырады. «Учаске» жедел алдын-алу шарасы жалғасуда, құқық қорғау органдары профилактикалық жұмысты күшейтіп, өңірдегі құқықтық тәртіпті бақылауды арттырды.