ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тергеу және анықтау
20 июня 2025
"Тергеуші Бектемірованың өмірінен бір күн" айдары

Тергеушінің жұмысы- күн сайын-жаңа істер, оқиға орнына бару, жауап алу, сараптама, материалдарды сотқа беру. Барлығы-қатаң заң бойынша және әрбір қабылданған шешім үшін толық жауапкершілікпен қарайды.

Бектемірова Карина-Павлодар қаласы Полиция басқармасының тергеушісі.
Ол полицияға 2023 жылы келді. Мен бала кезімнен осы мамандық туралы армандадым-полицияда қызмет еткен атамнан шабыт алдым.

Павлодар қаласының № 39 мектебін бітірген Карина ИнЕУ колледжіне "құқықтану" мамандығы бойынша оқуға түсіп, кейін университетте заң факультетінде оқуын жалғастырды. Ол білім беру орнының екеуін де қызыл дипломмен аяқтаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін Карина ішкі істер органдарына қызметке кіріп, Солтүстік полиция бөліміне тергеуші болып тағайындалды. Оның табандылығы мен нәтижеге деген ұмтылысын басшылық байқап, қылмыстық істерді тергеудегі сипаты мен көрсеткіштерінің арқасында жас тергеуші Полиция басқармасының тергеу бөліміне ауыстырылды.

Бүгінде ол есірткі қылмыстары мен кибер алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуде — ең күрделі және өзекті бағыттардың бірі. Карина сотқа дейінгі тергеулерді сенімді түрде жүргізіп келеді және маңызды процедуралық шешімдер қабылдайды.

Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Менің ойымша, полицияда қызмет ету-бұл абырой. Адамдарға көмектесу, әділеттілікті қалпына келтіру, заңды қорғау — бұл менің мотивациям", — дейді ол.

Мұндай қызметкерлердің кәсібилігі болашақта өз тағдырын полициямен байланыстырғысы келетін жастарды шабыттандырады.

- Полиция - бұл заңнаманың нысаны мен нормалары ғана емес, сонымен қатар өз істеріне шын жүректен сенетін адамдар, - деп атап өтті ведомствода.

Жергілікті полиция қызметі
20 июня 2025
Павлодарлық полицейлер дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуде

19 маусым күні Павлодар облысында күшті дауылды жел соғып, салдарынан тұрғындар зардап шекті, ғимараттардың шатырлары ұшып, электр желілері, ағаштар, аялдамалар, балалар алаңдары мен автокөліктер зақымданды. Тұрғындардың сүйікті орны – орталық жағалау да зардап шекті.

Қалпына келтіру жұмыстарына коммуналдық қызметтер мен арнайы техника тартылды. Сонымен қатар, аймақтық полицейлер мен бей-жай қарамайтын азаматтар да көмекке жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында 109 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығы, 112 және 8 (7182) 70-37-95 нөмірлері бойынша ТЖД call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Жергілікті полиция қызметі
19 июня 2025
Даурен Камзин: полиция қызметкері әрдайым халыққа адал қызмет етуі, әділ әрі абыройлы болуы тиіс

Патрульдік полиция — кез келген шақыртуға бірінші баратын қызмет. Көбінесе құқық бұзушыларды тоқтату, қылмыстардың алдын-алу және ашу — барлығы осы қызметтің міндетінде.

Даурен Камзин 2015 жылы Павлодар қаласының Патрульдік полиция батальонының инспекторы лауазымынан бастады және осы күнге дейін қызмет атқаруда. Даурен — өз ісіне берік, көп сөйлемейтін қарапайым полицей.

Патрульдік полицейдің жұмысы оңай емес. Бұл — бекітілген аумақта 12 сағаттық қызмет кезегі. Күндізгі қызмет болса, батальонда таңғы 6:30-да болу керек. Әуелі қару-жарақ пен арнайы құралдар алынады, сосын – саптық байқау өтеді. Батальон командирі форманың дұрыстығын тексеріп, қызметке дайындау жөнінде нұсқау жүргізеді: кезекші бағдарлармен таныстырады. Ал 7:20-де патрульдік аумаққа шығып, құқық тәртіпті қамтамасыз етуге кірісеміз.

Біз көшелер мен үйлер аумағында тұрған жерде, тұрғындардың қоғамдық орында арақ ішуіне немесе темекі шегуіне жол бермейміз, қоқыс шашпауын қадағалаймыз, түнгі тыныштықты қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, радиоқабылдау аппаратынан кез келген төтенше шақырту – төбелес, отбасылық жанжал немесе ұрлық туралы ақпараттар келіп түседі. Полиция қызметкері аумақтағы үйлерді, дүкендермен, мейрамханаларды бес саусақтай білуі тиіс, сонда кез келген заң бұзушылыққа жедел жауап бере алады. Азаматтардан шақырту саны түнде және демалыс күндері көп болады.

Қоғамдық орында мас күйде болу, отбасылық жанжалдар, төбелес, бұзақылық, ұрлық – барлығы ЖБО арқылы жіберіледі, және біз бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетуіміз керек. Кейде физикалық күш құралдары мен арнайы жабдықтар қолдануға тура келеді. Бастысы — құқық бұзушыны тоқтату.

Жолға шыққанда, біз жол жүрісі ережелерінің сақталуын тексереміз. Жүргізушілер жиі қауіпсіздік белдігін тақпайды немесе телефонмен сөйлеседі. Сондай-ақ, қызыл шамға өту, қарсы жолға шығу, мас күйінде көлік жүргізу — жол тәртіп бұзушылықтарының қатарына жатады. Осындай жағдайларда автолар тоқтатылады, құжаттар тексеріледі, әкімшілік хаттама толтырылады, қажет болса медициналық сараптама жүргізіледі, көлік арнайы тұраққа қойылады, — дейді Даурен Камзин.

Әр автопатруль — бұл команда. Оның дайындығы мен реакция жылдамдығы — қала тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Полицей құқық бұзушылықты тоқтатып қана қоймайды, сондай-ақ ешкім – зардап шекпесін деген мақсатпен әрекет етуі тиіс. Қоғамдық тәртіп — күнделікті еңбектің нәтижесі.

Қоғамдық тыныштық — тәулік бойы еңбек пен күш жұмсауды талап етеді. Біз полиция қызметкерлеріне табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Көші-қон қызметі
19 июня 2025
Павлодарда заңсыз такси жүргізушісі ұсталды

16 маусымнан бастап Павлодар облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында «Нелегал-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Аталған іс-шараның алғашқы екі күні ішінде облыс полицейлері 62 құқық бұзушылықты анықтап, жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 45-і — шетел азаматтары, Қазақстанда болу ережелерін бұзғандар, ал қалған 17-сі — еліміздің азаматтары. Сондай-ақ, екі шетелдік азаматтың заңсыз такси жүргізушісі ретінде жұмыс істегені анықталды және үш шетел азаматы сот шешімімен елден шығарылды.

Мысал ретінде, Павлодар қаласында полиция қызметкерлері “Chevrolet” маркалы көлігімен такси қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдік азаматты ұстады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге де әкімшілік іс қозғалды.

Павлодар облыстық полиция департаменті «Нелегал-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20 маусымға дейін жалғасатынын ескертеді және барлық азаматтарды көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырады.

Криминалдық полиция
18 июня 2025
Жедел уәкіл Зарина Жүнісова

Полиция майоры Зарина Жүнісова 16 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Сұлу және көрікті жас әйелге бір қарағанда, оның криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі болып жұмыс істейтінін болжау қиын.

Павлодар заң колледжін бітіргеннен кейін Зарина 2010 жылы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жедел уәкіл ретінде қызметке кірді және 15 жыл жұмыс істегеннен кейін 2024 жылы Павлодар ауданының полиция бөліміне қызметке келді. Ол бүкіл қызметті жедел жұмысқа арнады, бұл жай ғана лауазым емес, қиын жағдайда толық берілгендікті талап ететін сынақ.

Ұжым ер адамнан тұрады, бірақ Зарина тіпті жұмыс істеу қиын деп ойламайды және ол:
– Біз бір командамыз, кім екенің маңызды емес – еркек пе, әйел ме, сен полиция қызметкерісің. Ұжымдағы атмосфера өте жылы, өзара көмек пен қолдау барлығында бірінші орында. Ал команданың негізінен ер адамдар екендігі тек плюс, онда жұмыс істеу ыңғайлырақ, - деп жымиды Зарина.
Жедел уәкілдің жұмысы Сізді жұмыста бөгелуге, демалыс және мереке күндері қызметке шығуға мәжбүр етсе де, біздің кейіпкеріміз өз ісімен бар жанымен айналысуға тоқтатпайды.

Криминалдық полиция аға жедел уәкілі қызметінің әр күні өзінше ерекше. Заринадан жұмыстан басқа қандай да бір қызығушылықтары туралы сұрағанда: «Менің жұмысым – бұл менің хоббиім. Бос уақыт іс жүзінде жоқ, уақытымның көп бөлігі қызметіме арналған. Бірақ мен барлық бос минуттарды сүйікті отбасыма арнаймын. Зарина күйеуі Әнуармен бірге екі бала тәрбиелеп отыр: қызы Айсара және ұлы Әмір.

- Жұбайым менің қызметіме түсіністікпен қарайды, өздеріңіз білетіндей, полиция мереке күндері де демалмайды, керісінше біз күшейтілген режимде жұмыс істейміз, бірақ әйелдер үшін артықшылық қарастырылған, мұндай күндері олар бізді отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Алайда, біздің бөлім әдеттегідей жұмыс істейді, өйткені қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ашу және кінәлілерді әшкерелеу — кейінге қалдыруға болмайтын істер, - дейді майор Жүнісова.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
18 июня 2025
Полиция + спортшылар = профилактикалық тандем

Павлодар облысында Қазақстанның ұлттық таэквондо федерациясының (GTF) халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткен жас спортшыларымен кездесу өтті.

Кездесудің бастамашысы – Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің төрағасы полковник Болат Нұрсейітов.

Полиция департаменті басшылығы атынан Болат Ерденұлы жас спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамына кәсібилігі мен өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесі, салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенді қызметі үшін алғысын білдірді.

Спортшыларға олардың жетістіктерін мойындау белгісі ретінде Департаменттің Құрмет грамоталары мен еске алу сыйлықтары – аты жазылған бейсболкалар және сымсыз құлаққаптар табысталды.

– Біз чемпиондарды тәрбиелеу арқылы еліміздің саналы әрі мықты ұрпағын қалыптастырамыз. Жастарды дамыту мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдаймыз, – деді Болат Нұрсейітов.

Жергілікті полиция қызметі
17 июня 2025
Екібастұзда полицейлер жолдарды тексереді

Көше-жол желісінің сақталуын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген жер жұмыстарына байланысты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жеке сектордың көше-жол желісін кешенді тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жол жабындысының зақымданғаны мен уәкілетті органдармен келісімінсіз жүргізілген қазбалардың анықталуына ерекше көңіл бөлінді. Мұндай әрекеттер инфрақұрылымға зиян келтіріп, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Тексеру нәтижесінде жеке тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық фактілері тіркелді. Құқық бұзушыларға қатысты жол-техникалық инспекция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630 бабы 1 бөлімі бойынша — автомобиль жолдарын зақымдау және оларды сақтау талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған іс-шаралар көлік тәртібінің деңгейін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және көше-жол желісінің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу профилактикалық шеңберінде өткізілді.

Кадр саясаты
17 июня 2025
Павлодар полициясының алтын қоры

Павлодар облысының Полиция департаментінде ардагерлерді тек кәсіби мерекелер қарсаңында ғана емес, сонымен қатар өмірлеріндегі маңызды күндерде де елеусіз қалдырмай, әрдайым ерекше ілтипатпен құрметтейді.

Осы жолы Полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы ішкі істер органдарының ардагері Толеш Иманжапаровты 90 жасқа толуымен құттықтады.

Толеш Иманжапаровты Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орумбаев департамент басшылығы мен жеке құрамының атынан құттықтады.

– Бүгін біз сізге шын жүректен алғысымызды білдіріп, құрмет көрсетеміз. Сіз өміріңізді азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға, заңдылықты қамтамасыз етуге және қылмыспен күреске арнадыңыз. Сіздің өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз – құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері үшін патриотизм мен Отан алдындағы борышты сезінуге баға жетпес үлгі. Осы айтулы күні сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен отбасылық амандық тілейміз. Жақындарыңыз әрдайым жаныңызда болып, өмірге деген сүйіспеншілігіңіз ешқашан сөнбесін! – деді Жандос Орумбаев.

Сондай-ақ, ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев мерейтой иесінің өмірбаянын айтып, оның құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол Толеш Иманжапаровқа «ІІМ Құрметті ардагері» төсбелгісін және алғыс хат табыстап, мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр мен отбасылық бақыт тіледі.

Милиция подполковнигі Толеш Иманжапаров ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарған. Ол қылмыстық іздестіру, тергеу және ақпараттық-техникалық қызметтің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан.

Қызмет жолын 1961 жылы Ақтоғай аудандық ІІБ-де учаскелік инспектор болып бастап, кейін Экибастұз қаласында тергеуші, аға тергеуші болып жұмыс істеген. 1976–1978 жылдары осы бөлімнің бастығының орынбасары, 1978–1983 жылдары Май аудандық ІІБ бастығының орынбасары, ал 1983 жылы Баянауыл аудандық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарып, 1988 жылы милиция подполковнигі шенінде зейнетке шыққан.

Көп жылдық адал еңбегі үшін «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен және «Милиция үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Қарапайымдылығы мен адамгершілігі арқылы әріптестерінің құрметі мен сеніміне ие болған ардагер құқық қорғау саласының дамуына зор үлес қосты.

Іс-шара соңында ардагерлердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерейтой иесі мен оның туыстарына арнайы шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

Кадр саясаты
16 июня 2025
Истаевтар әулеті отбасымен тәртіп күзетінде

Ішкі істер органдарындағы полицейлердің әулеттері де аз емес. Әке-шешесі бейбіт халықтың тыныштығын қорғайтын отбасында өскен бала оның мінез-құлқында із қалдырары сөзсіз. Әдетте, бұл балалар құқық қорғау органдарының ең білікті және кәсіби қызметкері болып өседі.

Сондай полиция қызметкерлерінің бірі - Берік Истаев. Әулеттің негізін қалаушы әкесі, Қасен Темірәліұлы Истаев полицияға 1984 жылы комсомолдың жолдамасымен Семей автомеханикалық техникумын бітіргеннен кейін келді. Қасен Истаев өз қызметін қатардағы жауынгер ретінде Павлодар облысы ІІБ жол-патрульдік қызметі бөлімшесінің инспекторы ретінде бастады. Содан кейін жол полициясы басқармасының әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.

Құқық қорғау органдарында жұмыс істеген жылдары отставкадағы полиция майоры Қасен Истаев орасан зор кәсіби білім жинады. Полиция қызметкері құрметті демалысқа 2005 жылы Павлодар облысы ЖПБ штаб бастығы лауазымынан полиция майоры атағымен кетті. Жол полициясы бөлімшелерінің үлгілі қызметі және қызметтік міндеттерін жақсы ұйымдастырғаны үшін Қасен Темірәліұлы "Мінсіз қызметі үшін", "Милиция үздігі", "Қазақстан полициясына 25 жыл, "Қазақстан полициясына 30 жыл", "Кеңес милициясына 100 жыл" медальдарымен марапатталды, бірнеше рет ҚР ІІМ және Павлодар облысы ІІБ алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бүгінде Берік Истаев әкесінің ісін жалғастырды. Ол саналы түрде әкесінің жолын қуып, қызметін 2004 жылы Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастады. Кейін аға және басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді. Павлодар ауданының полиция бөлімінде 2020 жылдан бастап қызмет етеді, онда жергілікті полиция қызметінің бастығы болып бастады, ал 2022 жылдан қазіргі уақытта дейін Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

Заңның күзетінде тұрған әпкесі де шетте қалмады. Әділет кеңесшісі Әсемгүл Истаева Павлодар облысы Прокуратура басқармасының прокуроры.

Жергілікті полиция қызметі
16 июня 2025
Полиция-балалар қауіпсіздігінің кепілі

Полиция-балалар қауіпсіздігінің кепілі: Павлодар облысы Ертіс ауданында жазғы лагерьлердің ашылуымен полицейлер көшелерде жол қозғалысы қауіпсіздігі сабақтарын өткізуде.

- Басты мақсат-балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларда көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту. Іс-шаралар балалармен оқу орындарының қабырғаларында да, көшеде де өткізілуде. Балаларға жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, балалардың жүріс - тұрысының негізгі ережелері жазылған жадынамалар мен буклеттер таратылады, - деп хабарлайды полиция.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілерді балалар мекемелерінің жанында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, әсіресе аулалардың жанында жүргенде өте мұқият болуға шақырады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы