ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жеке құраммен жұмыс
Жергілікті полиция қызметі
20 мая 2026
Маңғыстаулық ішкі істер органдарының ардагерлері шағын футболдан республикалық турнирде екінші орын иеленді

Тараз қаласындағы ІІМ-нің «Арлан» спорт кешенінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан «Халық Қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасов, Жанат Байсейітов және П. Аянқұловты еске алуға арналған ішкі істер органдары ардагерлері арасындағы республикалық шағын футбол турнирі өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстарынан, Тараз қаласынан және ҚР ІІМ құрамасынан құралған 8 команда қатысты. Турнир 50 жастан асқан ардагерлер арасында ұйымдастырылды.

Тартысты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ардагерлер командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық шеберлікті көрсетіп, құрметті екінші орынды иеленді.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының өкілдері жеке номинациялар бойынша да марапатталды:

* «Үздік шабуылшы»;
* «Үздік қорғаушы»;
* «Үздік қақпашы».

Команданың ең жасы үлкен қатысушысы — 61 жастағы ішкі істер органдарының ардагері болып, өңір намысын республикалық деңгейде лайықты қорғады.

Команда Маңғыстау облысына оралғаннан кейін ардагерлерді әуежайда әріптестері, туыстары және Полиция департаментінің өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов қатысушыларды жоғары нәтижемен құттықтап, ардагерлерге белсенді өмірлік ұстанымы, спортқа адалдығы және жас қызметкерлерге үлгі болғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында ол ардагерлердің жетістіктері патриотизмнің, рух мықтылығының және ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісі екенін атап өтті. Іс-шара соңында Сағындық Аяғанов команда мүшелерін достық дастарқанға шақырып, ардагерлер турнирден алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестерімен еркін әңгімелесті.

20 мая 2026
Облыс көлемінде «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық акциясы өткізілуде

Аталған акция аясында бүлдіршіндердің қатысуымен жүргізушілерге арналған «Жүргізуші, бізді қорғаңыз!» тақырыбындағы үндеу хаттар таратылды.

Құрметті жүргізушілер!

Сіздерді жол қозғалысы кезінде аса мұқият болуға, көлік құралын белгіленген жылдамдықпен басқаруға және жаяу жүргіншілер өткелдері мен білім беру ұйымдарының маңында ерекше сақтық танытуға шақырамыз. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Әрбір баланың аман-есен өз үйіне оралуы – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, мәдениетті әрі жауапты жүргізуші болайық.

Жолдағы қауіпсіздік – адам өмірінің кепілі.
Балаларды қорғайық, болашағымызды бірге сақтайық!

Жергілікті полиция қызметі
20 мая 2026
Маңғыстау облысында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында республика көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдарды уақытылы өндіру, орындалмаған қаулыларды орындау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәртіпке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және айыппұлдарды ерікті түрде төлеуге ынталандыру.

Маңғыстау облысында аталған іс-шара Маңғыстау облысы прокуратурасы және Маңғыстау облыстық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп жүргізілуде.

Полицейлер азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге және заң талаптарын сақтауға шақырады.

Жергілікті полиция қызметі
20 мая 2026
Уақытша ұстау изоляторына экскурсия: Маңғыстау жастарына құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілді

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы колледж студенттеріне арналған уақытша ұстау изоляторында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Уақытша ұстау изоляторына ұйымдастырылған экскурсия көрнекі-профилактикалық сипатта өтіп, студенттерге құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын көрсетуге және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қатысушыларды уақытша ұстау изоляторының жұмысымен таныстырып, ұсталған азаматтарды ұстау шарттары туралы айтып, құқықбұзушылық жасаудың құқықтық салдарын түсіндірді. Студенттерге ойланбай жасалған кез келген әрекет адамның болашағы мен өміріне кері әсер етуі мүмкін екені жеткізілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке жауапкершілік және заң талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды.

Мұндай іс-шаралар жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жергілікті полиция қызметі
20 мая 2026
Маңғыстауда самбодан Азия және Океания чемпионаты өтуде

Маңғыстау облысында кадеттер мен спорт шеберлері арасында спорттық самбодан Азия және Океания чемпионаты өтуде. Халықаралық жарысқа бірнеше елден келген спортшылар қатысып, өзара бақ сынауда.

Аталған чемпионатқа Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жарыс аясында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға есірткінің зияны, оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты — жастар арасында спортты насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру.

Жергілікті полиция қызметі
19 мая 2026
Маңғыстау полицейлері ІІО қызметкерлері арасындағы бокстан ҚР чемпионатына қызу дайындалуда

ІІО қызметкерлері арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты қарсаңында қызметкерлерге қолдау білдіріп, ақыл-кеңес беру және сәттілік тілеу мақсатында командамен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов және бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов кездесті.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақиев және Қазақстан Республикасының бокс бойынша төрешілер комиссиясының мүшесі Руслан Бибуев жаттықтыруда.

 

Жергілікті полиция қызметі
19 мая 2026
Ішкі істер органдарының қызметкерлері «Қазақстан» шипажайында сауықтыру демалысын өткізеді

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың сапалы демалысы мен сауықтыруына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қазақстан» шипажайы полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін санаторий-курорттық ем қабылдап, жайлы әрі тыныш атмосферада демалыс өткізуге шақырады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне шипажай қызметтеріне тұрақты түрде 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. Демалушыларға жайлы орналастыру жағдайлары, сауықтыру шаралары және Алматы қаласының көрікті аймағында денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік ұсынылады.

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері де бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, отбасыларымен бірге демалысты денсаулықты нығайтумен ұштастыруда.

«Қазақстан» шипажайы Алматы қаласы, Достық даңғылы, 308 мекенжайында орналасқан.
Брондау телефоны: +7 707 691 50 08.
Ресепшн: +7 727 264 64 54.

https://www.instagram.com/p/DYhwKEEierX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жергілікті полиция қызметі
19 мая 2026
Отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған форум өтті

Ақтау қаласында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акция аясында форум ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, психологтар және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында отбасындағы татулық пен өзара сыйластықты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ осындай жағдайлардың себептері мен салдарын азайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қолданыстағы заңнамалық тетіктер және зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін айтты.

https://www.instagram.com/reel/DYgQpnzK3mH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

19 мая 2026
«Борышкер»: айыппұлдарды өндіріп алу бойынша іс-шара басталды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған қаулылардың орындалуы және айыппұлдарды уақытылы төлеу — «жазаның бұлтартпастығы» қағидатын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында Маңғыстау облысының аумағында республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — уақытылы төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру және берешектерді ерікті түрде өтеуге ынталандыру.

Шара барысында полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіп, әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар азаматтарды анықтайды. Сонымен қатар борышкерлерге айыппұлдарды уақытылы төлемеген жағдайда қолданылатын шектеу шаралары мен заң талаптары түсіндіріледі.

Полиция департаменті облыс тұрғындарынан әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде төлеуді, сондай-ақ қабылданған қаулылардың орындалуына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті.

https://www.instagram.com/p/DYbscWfs0km/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жергілікті полиция қызметі
19 мая 2026
Маңғыстау облысында алкогольге қарсы рейдтік шаралар күшейтілді

Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алкогольді тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдік сатудың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтарды азайту.

Шара барысында полиция қызметкерлері сауда орындары мен көңіл көтеру мекемелерінде рейдтік жұмыстар жүргізіп, заң талаптарының сақталуын бақылауда. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, алкогольдің адам денсаулығына, отбасы тәрбиесіне және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілуде.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Қоғамдық қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік.

https://www.instagram.com/reel/DYZ3GMKMijl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Социальные сети
twitter.com
facebook.com
youtube.com
instagram
vk.com
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты