ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
29 апреля 2025
"Мемлекеттік тіл- бірліктің негізі”

“Қазақ тілі менің мақтанышым. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру — баршамыздың міндетіміз!”,-дейді жаңаөзендік полицей Рахим Наджафов.

Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Полиция қызметкері болу үшін білім, білік, білек және сабыр, төзім әрі қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге керекті басты қасиеттер. Ұстамды, сыпайы болу, азаматтармен тіл табыса білу де аса маңызды.Бұл салада қызмет ететін адамның бойында мол қажыр-қайрат, тәртіп пен табандылық болуы қажет. Осындай талап үрдісінен шығып жүргендердің бірі-Рахим Наджафов. Ол, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы. “Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, өзгеден тәртіпті талап ету үшін алдымен өзіміз тәртіпті болуымыз керек, дейді. Бүгін, Рахим Наджафов “Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын арттыру және этносаралық ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқаны және Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты ұйымдастырылған “ Мемлекеттік тіл- бірліктің негізі” атты Республикалық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ҚР ІІМ орынбасары полиция генерал-майоры А. Сайтбековтың алғыс хатымен марапатталды.

Жергілікті полиция қызметі
29 апреля 2025
Маңғыстау облысында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтті.

«Жасөспірім» іс-шарасы барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, қараусыз және қолайсыз отбасыларды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырады. Әр азаматтың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.

https://www.instagram.com/reel/DIzMOL5MXDv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Әкімшілік полиция
Күзет қызметі
29 апреля 2025
Полиция департаменті бастығының орынбасары мен күзет ұйымдарының басшыларының кездесуі

Бүгін полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мейірманов А.Ж. күзет ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесуі өткізді.
Іс-шара барысында жеке күзет ұйымдарының жұмысының тиімділігін арттыру, олардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы заң талаптарының сақталуы мәселелері талқыланды.

Кездесу кезінде күзет құрылымдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету деңгейін жақсарту және күзет ұйымдары мен ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қатысушылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға және бірлескен жұмыс жүргізуге қызығушылық білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DI5v3bqMZ4J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Тергеу және анықтау
Жедел-криминалистикалық қызмет
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
18 апреля 2025
«Интернет алаяқтықтан қорғану»: ашық сабақ өтті

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Yessenov University-дің 3 курс студенттерімен бірлесіп, «Интернет алаяқтықтан қорғану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Іс-шара барысында интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері талқыланып, киберқауіпсіздік бойынша алдын алу шаралары мен сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге түрлі алаяқтық схемалар туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Ашық сабақ жастардың киберсауаттылығын арттыруға бағытталып, оларды интернет кеңістігінде өздерін қорғауға үйретуге көмектеседі.

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
14 апреля 2025
“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялап, 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика аумағында “Жасөспірім” атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Басты бағыттар:
• түнде ересектерсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау;
• балаларға алкоголь мен темекі сату фактілерін анықтау;
• девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдер мен жауапсыз ата-аналарды есепке алу;
• қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы туралы мәліметті жедел хабарлауды сұрайды.

https://www.instagram.com/reel/DIYS7DzsmXS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Әкімшілік полиция
Көші-қон қызметі
Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
Жедел-криминалистикалық қызмет
Күзет қызметі
Экстремизмге қарсы іс-қимыл
08 апреля 2025
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

       Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

Ішкі істер министрлігі жүйелі түрде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сондай-ақ қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде маңызды рөл атқарды.

2025 жылдың басынан бастап республика бойынша тәртіп сақшылары 3,7 млннан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 3,2 млн жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері. Жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 5 417 "мас" жүргізушіні ұстады. Заң бұзған 116 004 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар балаларды автобустардан түсіруге тыйым салынды. Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады.

Сондай-ақ әрбір білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері бекітілді. Олар балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Биыл барлық мектептер мен колледждерде "111" республикалық байланыс орталығына жедел түрде хабарласуға мүмкіндік беретін QR-кодтар енгізілді, мұнда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетіледі. Білім беру мекемелерінің кіреберістерінде полиция қызметкерлерінің байланыс деректерімен анонимді шағымдар үшін ақпараттар орналастырылған.

Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың жылдам дамуына байланысты интернет-кеңістігінде заңсыз контенттің таралуын тоқтату маңызды міндеттердің біріне айналды. Жыл басынан бері есірткілерді жарнамалайтын 7 мыңнан астам сайт, экстремистік мазмұнды 2 мыңнан астам контент және интернет-алаяқтық белгілері бар 28 мыңнан астам ресурс анықталды.

Барлық аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.

Айта кету керек, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан "Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция "Заң мен Тәртіп" күзетінде" деп жарияланды. Негізгі мақсат – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
08 апреля 2025
Маңғыстауда полицейлер қала тұрғындарына жол жүрісі қағидаларын еске салды

Маңғыстауда полицейлер қала тұрғындарына жол жүрісі қағидаларын еске салды

Жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық акция өткізді.

Патрульдеу барысында адам көп жиналатын орындарда полицейлер дауыс зорайтқыштар арқылы азаматтарға жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертті.

Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өту және көлік жүретін бөліктің маңында сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, оларға негізгі қауіпсіздік қағидалары жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолағының алдында жылдамдықты бәсеңдету, арақашықтықты сақтау және белгіленген жылдамдық режимін бұзбау маңыздылығы ескертілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осындай профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жол қозғалысы мәдениетін арттыруға ықпал етеді.


                                                                                                                                                                                                       

 МО ПД баспасөз қызметі

Тергеу және анықтау
Жедел-криминалистикалық қызмет
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
29 марта 2025
Интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды

Маңғыстау облысында алаяқтар екі тұрғынның шотынан 48 млн теңге жымқырған.

Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/mangghystau-oblysynda-alayaqtar-turghyndardyng-shotynan-48-mln-tengge-zhymqyrghan/

"Д" есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды. Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. "А" есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
29 марта 2025
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестіріледі

Бұл дегеніміз, оларды пайдалану үшін полицияда тіркеу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексерістен өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру полисі қажет болады.

Тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша Мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды нұсқада болуы мүмкін), техникалық құжат немесе мопедтің сипаттамасы.

Маңызды ескерту: 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз басқару заңмен тыйым салынады.

 Полиция департаменті мопед иелерін әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін көліктерін алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға шақырады.

Әкімшілік полиция
Көші-қон қызметі
Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
Жергілікті полиция қызметі
Жедел-криминалистикалық қызмет
Күзет қызметі
Экстремизмге қарсы іс-қимыл
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
29 марта 2025
“SOS дабыл түймесі” – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба

Маңғыстау облысының Полиция департаменті өз жұмысында цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп, дамытып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Жедел басқару орталығы базасында жаңа «SOS дабыл түймесі» жобасы іске қосылды.

Қала көшелерінде, саябақтар мен алаңдарда ұялы немесе басқа да байланыс болмаған жағдайда полицияны шұғыл шақыруға мүмкіндік беретін 25-тен астам арнайы құрылғы орнатылды. Көмек шақыру құрылғысы полицияның құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Құрылғының жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Қала тұрғындары құрылғыға жақындап, дабыл түймесін басады. Осыдан кейін полицияның жедел басқару орталығымен байланыс орнатылып, оқиға туралы ақпарат беріледі. Кіріктірілген бейнекамера бейнетүсірілім жүргізеді, ал динамиктер полиция қызметкеріне азаматпен дыбыстық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Барлық деректер жүйе арқылы автоматты түрде тіркеледі.

Азаматтармен осындай форматтағы өзара әрекеттесу – полицияға шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда жедел хабарласуға арналған қосымша функция (тікелей «102» нөмірі мен азаматтардың өтініштерін омниканалды қабылдау жүйесінен бөлек) болып табылады.

Социальные сети
twitter.com
facebook.com
youtube.com
instagram
vk.com
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы