ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Жедел-криминалистикалық қызмет
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша статистика
23 августа 2024
Маңғыстау облысында граффити-жазулар азаюда

Бүгінгі таңда елімізде есірткі қылмысымен күреске ерекше көңіл бөлінуде. Облыстық полиция департаменті ЕҚҚІҚБ қызметкерлері нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен 540 граффити-жазуларға тосқауыл қойылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында арнайы маманның көмегімен 272 ғаламтор дүкен бұғатталды.

ПД ЕҚҚІҚБ мен полицияның өзге де бөліністері қызметкерлерінің бірігіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффити-жазулар біршама азайды.

Ақтау қаласы мен облыс орталықтарында жүргізілген рейдтік іс-шараларға талдау жасай келе, қоғамдық орындар мен негізгі көшелерде граффити-жарнамалар мүлдем жоқ.

Бұл халық пен жастар арасындағы оң профилактикалық жұмыстың қорытындысын көрсетеді, сондай-ақ жас буынның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастырады.

Көші-қон қызметі
21 августа 2024
Құжаттары жоқ адамдарды және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтауға бағытталған науқан

ҚP IIM Көші-қон кызметі комитеті мен БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарымен ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының аумағында құжаттары жоқ адамдарды және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтауға бағытталған екінші кең ауқымды науқан жургізілуде.

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының серіктес Ұйымы “Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық, халықаралық бюро” ҚБ және “Сана Сезім” әйелдер бастамаларының құқықтық, орталығы” ҚБ-мен бірлесіп, реттелмеген мәртебесі бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде және оларға Қазақстан Республикасы азаматының немесе
азаматтығы жоқ, адамның құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетіледі.

https://www.instagram.com/reel/C-4ckO5sFxi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

фотосурет  интернеттен алынған

 

Кадр саясаты
21 августа 2024
Маңғыстауда құқық қорғау органдары арасында волейболдан турнир өтті

Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары мен күш-құрылымдары қызметкерлері арасында «милиция генерал-майоры И.Н.Брагин мен милиция полковнигі Н.К.Қанаевтың туғанына 100 жыл толуына» орай волейбол спорт түрінен турнир өткізілді.

Дүбірлі додада барлығы сегіз команда, 64 спортшы бақ сынасты.

Сайыс қорытындысына сәйкес, облыстық ПД командасы жүлделі үшінші орынды еншіледі.

Ал екінші орынға төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы жайғасты.

6656 әскери бөлімі қызметкерлерінен құралған команда бас жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздар полиция департаменті бастығы Сағындық Аяғановтың атынан табысталған диплом, грамота, текше және медальдармен марапатталды.

бейнеролик: https://www.instagram.com/reel/C-5G6-bM1QL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
Жедел-криминалистикалық қызмет
19 августа 2024
Полицейлер үй жануарларын серуендету ережелерін бұзбауға шақырады

ҚР ӘҚБК 408-бабына сәйкес, қалалар мен облыстардың жергілікті өкілді органдары белгілеген қалаларда және басқа да елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін иттерді серуендету ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Сондай-ақ қала аумағында иттерді қоршалған балалар мен спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, емдеу мекемелері аумақтарында, тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде серуендетуге тыйым салынады.

Құтырудан міндетті вакцинациялаудан өтпеген иттерді серуендетуге тыйым салынады. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, азаматтардың бау-бақша және саяжай коммерциялық емес бірлестіктерінің аумағында, иттердің демалу базаларында байлаулы немесе жабық металл торда (вольер) ұстау керек.

Иттер қоршалған аумақта ұсталуы тиіс, қоршау жануардың қашуын, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасауды және өтіп бара жатқан адамдардың тістеуін болдырмауы тиіс. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте иттің бейнесі және "Ит күзетеді" - "итпен қорғалады" деген жазуы бар көлемі кемінде 20 сантиметр болатын тиісті ескерту тақтайшасы орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар иттерді серуендету кезінде иелері 23.00-ден 06.00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуі қажет.

фотосурет:zhaikpress.kz/

Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
Жедел-криминалистикалық қызмет
19 августа 2024
"Алаяқтардан сақ болыңыз!" Ақтау полициясы азаматтарды қорғауда

Ақтаудың  криминалдық полициясы интернет-алаяқтықтың танымал түрлері туралы айтты:
1. Алаяқтар шотыңыздан жасалған күдікті транзакциялар туралы хабардар етіп, шоттарды қорғау үшін шотыңыздан ақша аударымдарын жасауға көндіретін банктік қауіпсіздік қызметтерінен болжамды қоңыраулар.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінен немесе басқа құқық қорғау органдарынан келіп түсетін қоңыраулар, мұнда алаяқтар өздерін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, қазіргі уақытта сіздің шотыңыздан транзакциялар жасап жатқан қауіпті алаяқты ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды. Содан кейін қаскөйлер жәбірленушіні, оның шоттарынан қаражаттың жоғалуына әкелетін әрекеттерді жасауға көндіреді.
3. Алаяқтар өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстырып, СИМ-картаңыздың жарамдылық мерзімі бітіп жатқанын хабарлайтын қоңыраулар. Келісімшартты жаңарту үшін қоңырау шалушылар телефоныңызға жіберілетін СМС-кодтарын айтуды сұрайды.
4. Қаскөйлер айына 50 пайыздан астам кірістілікпен криптовалютаға, алтынға, акцияларға тиімді инвестицияларды ұсынатын делдалдардың қоңыраулары. Алайда инвестицияны алғаннан кейін олар жәбірленушілерді барлық әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде блоктайды.
5. Қолдарында жоқ өнімді немесе қызметті сату, яғни, әлеуметтік желілерде және интернет-платформаларда кез келген өнімді немесе қызметті сату туралы хабарландыру орналастыру (пәтер жалдау және т.б.). Толық немесе жартылай төлемді алғаннан кейін «жарнамалардың» авторлары жоқ болып кетеді.
6. Қаскөйлер «Whatsapp» мессенджерінде мемлекеттік органдардың немесе жеке ұйымдардың жоғары лауазымды басшыларының атынан аккаунт ашатын, содан кейін ашық дереккөздерден алған басшының суретін өздерінің авасына қойып, қол астындағыларға шұғыл түрде әртүрлі сылтаулармен үшінші адамдардың әртүрлі шоттарына ақша аудару керектігі туралы жазатын интернет-алаяқтық жағдайлары.
Осыған байланысты, Ақтау полициясы қырағылық, сақтық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

1. Сізге банктер мен ұялы байланыс операторларынан келетін СМС-хабарламаларды ешкімге айтпаңыз,
2. ешкімге жеке деректеріңізді, банктік шоттардан және карточкалардағы мәліметтерді жібермеңіз және жария етпеңіз,
3. банктік карталарыңызды үшінші адамдарға пайдалануға бермеңіз және кез келген сылтаумен өз атыңызға ақша аудартпаңыз,
4. Өнімді сатып алмас бұрын немесе онлайн қызметтерді пайдаланбас бұрын интернет-дүкендердің рейтингтері мен пікірлерін тексеріңіз.
Маңызды!!! Есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банктер сізден ешқашан транзакция жасауды немесе телефон арқылы жеке ақпаратыңызды сұрамайды.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда сіз дереу әңгімені тоқтатып, бұл туралы банкіңізге және аумақтық ішкі істер органына хабарлауыңыз керек.

14 августа 2024
«Есірткісіз болашақ»: жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өткізілді

Есірткіге қарсы күрес айлығы аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу мақсатында бокс спорт түрінен ашық турнир өткізілді. Аталмыш турнир өңірлік спорт басқармасы, бокс федерациясының қолдауымен, Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, Досан батыр спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Мұндай негіздегі іс-шаралар тәртіп сақшыларымен тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

https://www.instagram.com/reel/C-ZVny_or-_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Криминалдық полиция
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Жедел-криминалистикалық қызмет
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
14 августа 2024
Полиция: адам саудасына қатысты қылмыстарға жаза қатаң!

«30 шілде - адам саудасына қарсы күрес күніне» орай ҚР ІІМ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 30-31 шілдеде «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқанын өткізуде.

Профилактикалық акция шеңберінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір тәулікте «116 16» сенім телефонының нөмірі бар 1000-нан астам жаднама таратты.

Соның ішінде әуежайдағы жолаушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, адам саудасының қаупі туралы ақпарат айтылды.

Полиция тұрғындарға “қандай да бір жанның құлдықта жұмыс жасап жүргенін байқасаңыз, болмаса адам саудасына қатысты басқа да қылмыстардың құрбаны не куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз, заңға жүгініңіз!’’- деп құқықтық кеңес берді. Яғни жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық қанау, мәжбүрлі еңбекті пайдалану, қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу, заңсыз бала асырап алу, трансплантация үшін адам ағзасын заңсыз алу қылмыстары адам саудасына жататын жеткізді.

❗️Мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін құжаттарыңызды қырағы болыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз деп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.

https://www.instagram.com/reel/C-Km73ts4C_/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Жедел-криминалистикалық қызмет
Күзет қызметі
Экстремизмге қарсы іс-қимыл
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша статистика
05 августа 2024
Маңғыстау полицейлері қызметтік иттердің көмегімен пошта сәлемдемелерін тексерді

Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері бірлесіп, «Қазпошта» АҚ филиалында арнайы қызметтік-іздестіру иттерінің көмегі арқылы келген және енді жөнелтілетін сәлемдемелерге тінту жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты контрабанда, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пошта жөнелтілімдерімен жіберу арқылы заңсыз тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу болып табылады.

Жүргізілген профилактикалық тексерудің нәтижесінде күдікті заттар табылған жоқ.

Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерімен апта сайын өткізіліп тұрады.

Әкімшілік полиция
Көші-қон қызметі
Тергеу және анықтау
Жергілікті полиция қызметі
30 июля 2024
Маңғыстаулық полицейлермен «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі

Шілде айының 30-шы жұлдызы мен 02 тамыз аралығында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілерінің алдын алуға, жолын кесуге бағытталған «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында мобильді топтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, көші-қон басқармасының қызметкерлері облыс тұрғындарына қолданыстағы көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

‼️Құқық бұзушылықтарға жол бермеулеріңіз сұралады!

 

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
30 июля 2024
Маңғыстауда «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Тәртіп сақшылары жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында ЖКО азайту және алдын алу мақсатында өткізілген алты күндік «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Қала аумағында автобустардың техникалық жай-күйін тексеру, автобустардың автопарктерден, автовокзалдардан шығуы кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерістен өтуі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Заңсыз автовокзалдар, автотасымалдаушылар, сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдайтын таксилер анықталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша автобус жүргізушілерінің 830-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. 16 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды. Коммуналдық тұраққа 60 көлік қойылды, автобус парктерінің 18 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды, 1000-ға жуық қоғамдық автобус тексерілді.

Социальные сети
twitter.com
facebook.com
youtube.com
instagram
vk.com
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы