Логотип МВД РК
Логотип МВД РК
Меню
Страницы

«ПИРОТЕХНИКА»

«ПИРОТЕХНИКА»

Жаңа жыл мерекелері кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Маңғыстау облысы аумағында азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында 2021 жылғы 15-30 желтоқсан және 2022 жылғы 5-12 қаңтар аралығында сертификатсыз, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық бұйымдарды өздігінен сату фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «ПИРОТЕХНИКА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Маңғыстаулық полицейлер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, сатудың және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жолымен жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Жаңа жылға арналған “жарылғыш” атрибуттар сатылатын базарлар, дүкендер, көтерме қоймалар тексерілді.

Нәтижесінде облыс көлемінде 15 күн бойы өткізілген іс-шара кезінде барлығы 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 500-ден астам пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігіне сай хаттамалар толтырылды. Іс-шараның екінші кезеңі 5-12 қаңтар аралығында өтетін болады.

Социальные медиа
facebook.com
twitter.com
vk.com
youtube.com
instagram
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК