«Динамоның» 100 жылдығына арналған мергендер сайысы өтті
Қарағандыда «Динамо» дене шынықтыру қоғамының 100 жылдығына орай тапаншадан ату жарысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің әртүрлі қызметтері мен аумақтық бөлімшелерінен 11 команда қатысып, әрқайсысы үш қызметкерден жасақталды.
Жарыс барысында қатысушылар әртүрлі қашықтықтар мен ату қалыптарында өз мергендіктерін сынап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Тартысты бәсекенің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Мәселен, командалық есепте бірінші орынды Облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы (АЖДБ) қанжығаларына байласа, екінші және үшінші орынды арнайы бөліністер өзара бөлісті. Жеке біріншілік нәтижелері: ПМ-1 жаттығуы (әйелдер арасында): 1-орын: Айсауле Жеңісқызы (Қарағанды қаласы ПБ), 2-орын: Гүлжахан Сапарова (Теміртау қаласы ПБ), 3-орын: Меруерт Рымова (ЖҚББ) және Галина Ломайкина (Теміртау қаласы ПБ) ПМ-3 жаттығуы: 1-орын: Мадияр Алменов (АЖДБ),2-орын: Еркебұлан Камиев (Оқу-жаттығу взводы), 3-орын: Нұржан Сағадиев (АЖДБ) ПМ-4 жаттығуы: 1-орын: Айбар Қойшыбаев (ЖҚАЖ), 2-орын: Мадияр Алменов (АЖДБ),3-орын: Руслан Ғабидулин (Теміртау қаласы ПБ) Бұл жарыс полицейлердің кәсіптік дайындық деңгейін арттырумен қатар, командалық рухты нығайтуға және мергендік шеберлікті дамытуға ықпал етті. «Динамо» мерекесіне арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.
Қарағандыдағы фаст-фуд орындарының бірінде 24 мың теңге белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Осы оқиғаға байланысты Октябрь аудандық полиция бөліміне 38 жастағы дәмхананың иесі арызданды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысты бар деген күдікпен 19 жастағы аудан тұрғынын анықталып, ұсталды. Ол дәмхананың есігін бұзып кіріп, кейіннен кассалық аппараттан ақша әкеткені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқада ұрлықтарға қатыстылығын тексеруде.
Сен – жалғыз емессің! Күшіміз бірлікте! Қарағандылықтар есірткіге қарсы күресте
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «Сен – жалғыз емессің! Бірге біз күштіміз!» атты есірткіге қарсы форум өтті. Аталған іс-шараға ішкі істер органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, дәрігерлер мен Қарағанды облысының жетекші колледждерінің студенттері қатысты.
Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров форум барысында студенттерге есірткі мен есірткі қылмысына қатысты қырағылық танытуға шақырды.
"Біздің мақсатымыз – жастарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпараттандыру, сондай-ақ есірткіге байланысты өкінішті қателіктерден сақтандыру. Жыл басынан бері 300 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 19 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, есірткі зертханасы мен үш фитозертхана жойылды. Ең алаңдатарлық мәселе – кәмелетке толмағандардың есірткі қылмысына тартылуы. 2024 жылы Қарағанды облысында 11 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, бүгінде бостандығынан айырылды. Олардың төртеуі – есірткі тасымалдаушылар. Жылдам табыс туралы парақшаларды таратқаны үшін биылғы қаңтар айында екі жасөспірім ұсталып, олардың ата-аналарына ірі әкімшілік айыппұл салынды, ал балалар полиция есебіне алынды", – деді Жасқайрат Қайыров. Форум аясында жастарға белгілі қоғам қайраткерлері мен сала мамандары құнды ойларымен бөлісті. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев табандылық пен салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Қоғам белсендісі, Аналар кеңесінің мүшесі Жібек Камали әрбір өмірдің құндылығын еске салды. Жастар ресурстық орталығының директоры, депутат Якуб Джамалов жастар үшін ашық мүмкіндіктер жайлы айтты. Қалалық мәслихат депутаты Равиль Садыков есірткіге қарсы күресте заңнамалық базаның маңыздылығын түсіндірсе, психиатр-нарколог Жанерке Хасенова есірткіге тәуелділіктің ауыр салдары туралы баяндады.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшысы атынан есірткіге қарсы күреске қосқан үлесі үшін бірқатар колледж өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Аталған форум тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, есірткімен күресте жастардың басын қосқан маңызды іс-шара болды.
Қарағандыда қарызға байланысты жанжал үшін ер адам өзінше билік етті деген күдікпен ұсталды Полицияға 50 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 51 жастағы танысының тарапынан қоқан-лоққы көргенін мәлімдеді. Ұсталған азамат полицейлерге жәбірленушінің оған мүлікті сатудан алған қомақты ақшаны қайтармай жүргенін, ал өзінің тек өз қаражатын қайтаруға тырысқанын түсіндірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
8 наурыз қарсаңында 39 жастағы қала тұрғыны өзінің сөмкесі жоғалғанын анықтады. Сөмкемен бірге 20 мың теңге көлеміндегі ақшасы бар әмияны, құжаттары және банк картасы да қолды болған. Жәбірленуші заттарының жоғалғанын үйінде болған қонақтары кеткеннен кейін байқаған. Кейін болған оқиға туралы полицияға арызданған. Оқиға бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп, Октябрь аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында 43 жастағы моноқала тұрғыны өз кінәсін мойындап, үй иесінің сөмкесін алып кеткенін айтқан. Кейін көшеде сөмкеден тек ақшаны алып, қалғанын қоқыс контейнеріне тастаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде
Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 6 наурыздан бастап "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараға аумақтық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторлары, пробация қызметі, криминалдық полиция, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғам өкілдері жұмылдырылды.
Тек Қарағанды қаласының өзінде жүргізілген рейдтер барысында тұрақты тұратын 17 адамы бар 3 шаруа қожалығы тексерілді. Тұрақты мекенжайы жоқ 8 адам ұсталып, қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар жасаған 36 құқық бұзушылық анықталып, олардың бірі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 408 қару иесі тексерілді. Оның ішінде 6 жағдайда қаруды сақтау ережелерінің бұзылғаны анықталып, тіркелмеген атыс қаруы тәркіленді.
Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Қарағанды облысы полиция департаменті тұрғындарды құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеуге және заң талаптарын сақтауға шақырады. "Учаске" іс-шарасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тұрақты жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Қарағанды облысында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Операцияның алғашқы күнінде 100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Құрылыс алаңдарында, жатақханаларда және зауыттарда жүргізілген рейдтер барысында заңсыз еңбек қызметі мен шетелдік азаматтардың елде болу ережелерін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үй кешенінің құрылысында рұқсатсыз жұмыс істеген Тәжікстанның 39 азаматы ұсталды. Сонымен қатар, Астана қаласының азаматшасы Қытай азаматы үшін визаны қолдан жасап бергені анықталды. Бұл факті бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2025 жылдың басынан бері сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 90 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар тек жедел алдын алу іс-шарасы аясында ғана емес, тұрақты негізде жүргізілуде.
Қарағанды облысындағы алаяқтық схемасын әшкереледі
Қарағанды облысында полиция қызметкерлерінің қырағылығы жалған құжаттар мен нөмірлік белгілерді пайдалануға талпынысты тоқтатты. Қарқаралы ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полиция экипажы жылдамдықты шектен тыс асырған «Альфард» маркалы автокөлікке назар аударды. Көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлерінде көліктің құжаттарына күдік туған. Белгілі болғандай, осы ауданда жергілікті тұрғынға тиесілі дәл осындай автокөлік тіркелген. Тереңдетілген тексеру көрсеткендей, ұсынылған көлік көрші мемлекетте тіркелген, бұл құжаттардың жалған екенін дәлелдеді. Аталған факті бойынша Қарқаралы ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және қылмыстық схеманың ықтимал сыбайластарын анықтау мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қарағанды облысында мереке күндері қауіпсіздік күшейтілді
Қарағанды облысында мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Қызмет барысында барлығы 1032 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 825 жағдай – жол қозғалысы ережелерін бұзу, ал 207-і – қоғамдық тәртіпке қатысты заң бұзушылықтар. Полицейлер жалған нөмірлі көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және мас күйде рөлге отыру деректерін болдырмауға ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар, жедел шаралардың нәтижесінде бутиктердің бірінен ұялы телефон ұрлығы ашылып, күдікті ұсталды. Бұл азаматтардың мүлкін қорғаудағы полиция жұмысының тиімділігін көрсетті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция облыстық және республикалық жолдарды уақытша жапты. Бұл шара мыңнан астам автокөлік пен олардың жолаушыларын қар құрсауында қалудан сақтап қалуға мүмкіндік берді. Өңірде барлығы 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Негізінен, бұл қар үйінділеріне соқтығысу жағдайлары. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінде аруларға құрмет көрсетілді.
Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара болып өтті. Алдымен қиыны мен қызығы қатар жүретін ішкі істер органдарындағы нәзік жандыларды департамент бастығы полиция полковнигі Негмет Исмагулов мерекемен құттықтады.
-Сіздер – мейірімділік пен сұлулықтың, шыдамдылық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі бола білдіңіздер. Қоғамдағы, отбасындағы, қызметтегі рөлдеріңіз орасан зор. Полиция департаменті басшылығының және Өз атымнан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Күнделікті еңбектеріңізбен, аналық махаббаттарыңызбен, айналамызға жылулық сыйлап келесіздер.
Сіздер тек қызметте ғана емес, өмірде де нағыз батыр жандарсыздар.
Осы айтулы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, ал жүректеріңізге шексіз бақыт пен қуаныш тілеймін! Көктемнің жылуы мен шуағы әрдайым өмірлеріңізді нұрландырсын,-деді Негмет Исмагулов.
Құттықтау сөзінен кейін өңірдің бас полицейі Негмет Исмагулов арулар мерекесіне орай қызметте алдыңғы шептен көрініп, лауазымдық міндеттерін адал орындап жүрген пагонды аруларды ішкі істер министрлігінің ведомствалық наградаларымен және департамент бастығының грамота алғыс хаттарымен марапаттады.
Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталғандардың қатарында полиция аға лейтенанты Жазира Орынбаевада бар. 15 жылға жуық құқық қорғау органында қызмет атқаратын пагонды ару бүгінгі таңда Саран қалалық полиция бөлімінде еңбек етіп келеді.
-Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма 15 жыл болды. Полиция қызметі өте қиын болсада ерлермен бірге әйел адамдар да қызмет атқаруда. Жауапкершілігі мол қызметте барлық аруларға сәттілік тілеймін, -деді марапат иесі Жазира Орынбаева.
Салтанатты іс-шара барысында ішкі істер органында қызмет атқарып жүрген нәзік жандылардың аналарына да құрмет көрсетілді. Оларға Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан алғыс хат табысталды.
Марапаттау салтанатынан кейін кеншілер астанасы өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әсем ән шырқап арулардың қошеметіне бөленді.