
«Алғыс арқалаған арымас» Құрметті полиция қызметкерлері және тәртіп сақшылары! Сіздерді әділдік пен ақиқаттың, берген сертке беріктіктің символы ретінде көреміз. Байтақ жеріміздің, бейбіт еліміздің тыныштығын қас-қақпай күзету, қылмыстың бетін ашу, ақиқатты анықтау, қашанда мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Тәуелсіз елдің сақшылары «намыс», «міндет», «борыш» деген биік қасиеттерді қызметте де, өмірде де ту етіп ұстап, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің еңселі болуына өлшеусіз еңбек етіп келеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Toyota Camry» маркалы жеке автокөлігімді заңсыз айдап кету жағдайы орын алған кезде күдіктіні табу мақсатында жедел іздестіру жұмыстарын уақытында тыңғылықты атқарып, көлігімнің табылуына зор үлестерін қосқан Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімінің барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
Бұл Шотанов Абзал Елемесұлы басқарып отырған Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімінің жоғары кәсіпқойлықпен жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесі. Осы орайда өз қызметтерін асқан шеберлікпен орындап, көлігімнің табылуына зор үлестерін қосқан Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасарлары Ерғарин Айбек Маратұлына, Сүлейменов Ербол Бахиұлына, жедел уәкілдер Жанаев Қанат Зинабдинұлына, Аймагамбетов Ақылбек Түгелбайұлына, Бекмұханбетов Исмагил Ильясұлына және тергеуші Бегимов Данияр Джандарбековичке өзімнің және отбасымның атынан шынайы алғысымды білдіремін. Құрметті Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Сіздерге тағы бір мәрте алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге мерейлі мәртебе, асқақ абырой тілеймін.
Құрметпен, Берсүгіровтер отбасы @policeaktobe ________________