ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми жауабы

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми жауабы

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми түрде мәлімдейді.

Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез-келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған.

Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын “қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз. ҚР заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып табылады. Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы Шартта да бар.

Бұл ретте қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтеміз.