Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының                               1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмесін жолдауды

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр

 

А. Шаққалиев



Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
25 декабря 2025