Азамат сол пәтерде тұрмаса да, қосымша төлемнен бас тарту туралы шешімі елеусіз қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Наурыз айында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындардың бірі жүгінді. Оның айтуынша, ол ұйыммен бейнебақылау жүйесіне сервистік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан жоқ. Дегенмен, бұл жүйеге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету ақысы бірыңғай төлем құжатына енгізілді. – Тұтынушы қосымша төлемге біраз уақыттан кейін ғана назар аударды, бірақ ол бұрын бұл қызметтен бас тартқан. Ол жеткізушіге пәтерде ешкім тұрмайтынын айтып, төлемдерді тоқтатуды сұраған кезде, оның өтініші орындалмады, – деді департаментте.
https://pavon.kz/post/view/90938