Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                        Б. Сұлтанов

Дата публикации
24 августа 2020