Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіпті дамыту туралы сауалнаманы жалғастыруда

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіпті дамыту туралы сауалнаманы жалғастыруда

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өнеркәсіп саласының ахуалы туралы Ұлттық баяндама әзірлеу аясында бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. Аталмыш құжатта отандық өнеркәсіп саласының жай-күйі, салаға қатысты халықаралық рейтингтер және оның дамуындағы жаһандық трендтер туралы ақпарат қамтылып, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары көрсетіледі.

Ұлттық баяндамадағы деректер өнеркәсіптік саясаттың қалыптасуына тікелей әсер етеді. Құжат мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, кәсіпкерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылдары негізінде әзірленуде.

Кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібі салаларының дамуына үлкен үлес қосуда. Сондықтан, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі  және Qazindustry бизнес-қауымдастық өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторларды анықтау және жүйелік проблемалар мен тәуекелдерді анықтау мақсатындағы онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.

Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылады.

Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/bRARaBMFMX4N9EZX9 .

 Ал орыс тілдегі нұсқасы https://forms.gle/rQhdSAeJtUa6LXgN7  сілтемесі бойынша қолжетімді.

 Сауалнаманы онлайн өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қоса берілген нысанды толтыра аласыз. Толтырылған сауалнама нысандарын төменде көрсетілген поштаға жіберулеріңізді сұраймыз S.Radayev@qazindustry.gov.kz,    A.Yernazarov@qazindustry.gov.kz.

Бүгінгі күнге онлайн-сауалнамаға 250-ден астам кәсіпорын қатысқан.

Сонымен қатар, «QazIndustry» АҚ мамандары жергілікті жерлердегі отандық өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау мақсатында өңірлерге баруда. Кездесулер барысында мамандар отандық өнеркәсіптік даму институттарының қызметтері туралы түсіндіруде.

 

Сауалнама