Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2024 жылы 3-5 маусым аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында:
- бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту;
- таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгеріс енгізу;
- бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау бойынша міндеттемелерін енгізудің реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері орналастырылатынын хабарлайды.
______________________________________