Берлинде өткен БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың шетелдік әріптестерімен екіжақты келіссөздері өтті.
Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен келіссөздер барысында тараптар әскери білім беру, әскери-техникалық және бітімгерлік саласындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты талқылады. Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі итальяндық әріптесін Астанаға шақырды.
Бұдан өзге, іс-шара барысында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Германия Қорғаныс министрі Борис Писториуспен және Қытай Халық Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньмен хаттамалық кездесулері өткізіліп, онда әскери ынтымақтастықтың ағымдағы аспектілері талқыланды.