Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

8 мамырдан бастап Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканың Астанадан тұрақты орналасқан жерлеріне жоспарлы түрде оралуы басталды.

Тасымалдау теміржол көлігімен де, өз жүрісімен де жүзеге асырылады. Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады.