Маңғыстау облысының әкімдігі қорғаныс істері жөніндегі департаментке жол талғамайтын көліктер тапсырды

Маңғыстау облысының әкімдігі қорғаныс істері жөніндегі  департаментке жол талғамайтын көліктер тапсырды

Алты Hyundai Mufasa автокөлігін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне табыс ету кәсіби мереке – Отан қорғаушы күніне арналған тамаша сыйлық болды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің өкілі полковник Нұрлан Уәли жол талғамайтын көліктердің кілттерін беру салтанатына қатысты. Олар әскери қызметшілерді келе жатқан мерекемен құттықтап, қызметте табыс тіледі.

Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған, Қазақстанда құрастырылған автокөліктер өңірдің қалалық және аудандық бөлімшелері үшін керемет тарту болды. Енді оларды әскерге шақыру науқандары мен әскерге шақыру жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шараларды өткізуге пайдаланатын болады.