Қазақстандық делегация Барселонадағы Mobile World Congress көрмесіне қатысты

Қазақстандық делегация Барселонадағы Mobile World Congress көрмесіне қатысты

Барселона қаласында өткен Mobile World Congress көрмесінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бастаған делегация әскери мақсаттағы жасанды интеллекттің жаңа технологияларымен және әзірлемелерімен танысты.

Іс-шара аясында 5G дамытуға, жасанды интеллектті енгізуге, әскери салада кванттық технологияларды қолдануға арналған мастер-класстар мен сарапшылардың баяндамалары ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек қазақстандық мамандар қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстар контекстінде гибридтік қатерлер мен кибертехнологияларға қарсы тұрарлық инновациялық тәсілдер қарастырылған тақырыптық семинарларға да қатысты.