Азиада-2025: Армия орталық спорт клубының қоржыны күміс және қола жүлдемен толықты

Азиада-2025: Армия орталық спорт клубының қоржыны күміс және қола жүлдемен толықты

 Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында Биатлон жарысының соңғы күні ерлер құрамасы күміс жүлдеге, ал әйелдер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.  

Ерлер арасындағы  4×7,5 шақырымдық эстафетада құрамында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Александр Мукин және спорт ротасының әскери қызметшісі Владислав Киреев бар құрама үздік үштікке ілініп, күміс медальмен марапатталды. Эстафетада бірінші орынды жапондықтар, үшінші орынды қытайлық спортшылар алды.  

4×6 шақырымдық эстафетада қатарында армиялық спортшылар Дарья Климина мен Арина Крюкова, сондай-ақ Ольга Полторанина мен Елизавета Белецкаядан тұратын биатлоннан әйелдер құрамасы қытайлық және оңтүстік кореялық қарсыластарына жол беріп, қола жүлдеге ие болды.  

Осылайша, Азия құрлығының ойындарында ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары алтын, екі күміс және үш қола жүлдені иеленді.

Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы