Әскер спортшысы Азия ойындарының шаңғы жарысында қола еншіледі

Әскер спортшысы Азия ойындарының шаңғы жарысында қола еншіледі

Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Олжас Климин Қытайдың Харбинінде өтіп жатқан Азиада-2025 ойындарының шаңғы жарысында қола жүлдеге ие болды.

10 шақырым қашықтықта еркін стильде жарысқа 46 спортшы қатысты. Ең үздік уақыт көрсеткішін жапондық Харуки Ямасита көрсетті. Оның жерлесі Такацугу Уда мәреге екінші болып жетті. Үшінші орынды Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Олжас Климин олжалады.

Азиаданың шаңғы жарысы бағдарламасында 12 ақпанға жоспарланған ерлер мен әйелдер эстафетасы өтеді. 11 ақпанда биатлоншылар жарысқа шығады.