Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Канаданың дипломатиялық делегациясы келді

Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына  Канаданың дипломатиялық делегациясы келді

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагган бастаған делегация болды.  

Тараптар кездесу барысында БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі аясындағы ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерін талқылады.  

Канадалық делегация БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларындағы міндеттерді сапалы орындау үшін әскери қызметшілердің кәсіби және бейімделу дағдыларын дамытуға бағытталған бітімгерлерді даярлауды ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.