Әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі қағидалар мен ережеге өзгерістер енгізіледі

Әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі қағидалар мен ережеге өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.

         Қағидалар мен ережеге әскери қызметшілерді, сондай-ақ резервте әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру тәртібі тәсілдерінің өзгеруіне байланысты түзетулер енгізіледі.

         Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет»"порталында «Ашық НҚА»"бөлімінде 2025 жылғы 11 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15416449