Әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

Әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

ҚР Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасы Қорғаныс министрінің «Қарулы күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (киім-кешек қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр. Онда киім-кешек қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі анықталған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322686