Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті

Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті

 «Іле» оқу полигонында Алматы, Талдықорған және Қонаев гарнизондары сержанттарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.

Бес күндік оқу-әдістемелік жиынға мамандық бойынша дайындық, әдістемелік және бақылау сабақтары кірді.

Нұсқаушылар атыс қаруы, қару-жарақ (БТР, «Арлан» БКМ), гранатомет және қол гранаталары, мергендік іс, тактикалық, медицина, байланыс және тау  дайындығы секілді жеті бағыт бойынша оқудан өтті.

– Нұсқаушылардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамды оқытудың бірыңғай әдістемесін және мамандық бойынша оқытудың озық тәжірибесін игеруге басты назар аударылды, – деп нақтылады Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі бөлім нұсқаушысы 1-сыныпты сержант Рашид Бисенғалиев.

Жиын аяқталғаннан кейін қырықтан астам сержант жеке құрамды мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін сертификаттар алды.