Швейцарияның әскери атташесі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік қызметімен танысты

Швейцарияның әскери атташесі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік қызметімен танысты

Қорғаныс ведомствосының Астана мен Алматыдағы мекемелеріне швейцариялық әскери дипломат келді.

Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында Мәскеудегі Швейцария Конфедерациясының Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Кристоф Гертчпен Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын белгілей отырып, бітімгерлік қызмет мәселелерін талқылады.

Алматыда шетелдік қонақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілерді БҰҰ миссияларының мандаттарын орындауға дайындау мүмкіндіктерімен танысты. Ол сондай-ақ казақстандық әріптестерін Швейцария Қарулы күштерінің "SWISSINT" Оқу орталығының қызметі туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар бітімгерлік желісі бойынша байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылық танытты.