Қарулы күштерде жазғы оқу кезеңі басталды

Қарулы күштерде жазғы оқу кезеңі басталды

Қорғаныс ведомствосының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындық сабақтары өтуде.

Оған Қарулы күштердің жеке құрамы толық тартылып отыр. Негізгі мақсат - жауынгерлік әзірліктің түрлі деңгейін енгізу кезінде әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібін пысықтауға арналған.

Әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуе айлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері іс жүзінде пысықталып жатыр.

Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру мақсатымен әскери-көліктік авиация ұшақтарымен белгіленген ауданға жеткізу жүзеге асырылды. 

Барлық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара тығыз іс-қимылда өткізіліп жатқанын айта кету керек.

Сабақтар жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әрбір әскери қызметшінің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.