Астанада Қорғаныс министрлігі патриоттық акция өткізді

Астанада Қорғаныс министрлігі патриоттық акция өткізді

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының алдындағы алаңда өтті.

Оған Қарулы күштердің ардагерлері, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Мұражайдың алдында Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қырық шаршы метрлік Мемлекеттік туды көтерді. Орталық әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұран шырқалды.

Мұндай іс-шаралар Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде өтті.