
Қорғаныс ведомстволары өкілдерінің геоақпараттық, топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі кездесуі Ұлттық қорғаныс университетінде өтті.
Сарапшылар қарулы күштерді картографиялық қамтамасыз ету жүйесін, нормативтік-техникалық және ғылыми-технологиялық базаны жетілдіру, кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Шетелдік әріптестер Қазақстанда 2019 жылы құрылған геоақпараттық қамтамасыз ету бөлімшелерінің жетістіктерін оң бағалап, олардың қызметі 1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді.
Пәкістандық әріптестерге арнайы ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне экскурсия ұйымдастырылды.