Қарулы Күштердің Спорт комитеті халықаралық жарыстарға дайын

Қарулы Күштердің Спорт комитеті халықаралық жарыстарға дайын

Ереванда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Спорт комитетінің отырысы өтті. Оған Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы - Орталық спорт клубының бастығы Ольга Шишигина бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Кездесуде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД-ның Достастық армияларының XV Спартакиадасы шеңберінде чемпионаттар, әскери спорттық ойындар өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, әскери-қолданбалы және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізудің бірыңғай ережелерін әзірлеу туралы сөз болды.

ТМД-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес спартакиада шеңберінде бірқатар чемпионаттар өтпек. Оның ішінде маусым айында Белоруссияда көпсайыстан, қыркүйек айында Қазақстанда әскерилендірілген кросс, Ресейде таулы үшсайыстан, Тәжікстанда дзюдодан және Өзбекстанда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионаттар өткізу жоспарланып отыр.

Мұндай жарыстарға қатысу армия спортшыларының позицияларын нығайтуға және халықаралық аренада Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-спорттық құрамдас бөлігін күшейтуге ықпал етеді.