Қорғаныс министрі өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысты

Қорғаныс министрі өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысты

Астанадағы сайлау учаскесіне қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов алғашқылардың бірі болып келді.

– Бұл сайлаудың ерекшелігі партиялық тізім бойынша да, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша да өтуінде. Біз үшін Парламентте әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін заңнамалық жетілдіру, зейнетақымен қамсыздандыру және Отан қорғаушы мәртебесін нығайту жұмыстарының жалғасуы өте маңызды, - деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған 21 сайлау учаскесінде Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен курсанттарының дауыс беруі жүріп жатыр.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы әскери қызметшілердің, оның ішінде жауынгерлік кезекшілік атқаратындардың, нарядта және іссапарда жүргендердің сайлау құқықтарын іске асыру үшін бар жағдайды жасағанын айта кету керек.