Әскери дипломаттар кәсіпорындарға барды

Әскери дипломаттар кәсіпорындарға барды

Батыс Қазақстан облысында Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер делегациясы Орал қаласының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің зауыттарында болды.

Шетелдік қонақтар Оралдағы "Зенит" зауыты, "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты және Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы кәсіпорындарында шығарылатын өнімдермен танысты.

Сапар аясында әскери дипломаттарды Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің өкілдері алып жүрді.

Оларға Батыс Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайы көрсетіліп, облыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды.