Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері Қазақстанның әскери білім шеңберіндегі тәжірибесімен бөлісті

Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері Қазақстанның әскери білім шеңберіндегі тәжірибесімен бөлісті

Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Ол әскери жоғары оқу орнының оқу материалдық базасымен, оқу-тәрбиелік үрдісімен және ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.

Ұлттық қорғаныс университетіне жасалған сапар Қазақстан мен Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің аппараттары арасындағы кезекті консультациялар аясында өтті.