ТМД ҚК бірлескен гуманитарлық минасыздандыру бөлімшесі туралы келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті орган белгіленді

ТМД ҚК бірлескен гуманитарлық минасыздандыру бөлімшесі туралы келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті орган белгіленді

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы 2020 жылғы 18 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қарулы күштерінің Гуманитарлық минасыздандыру бірлескен инженерлік бөлімшесі туралы келісіміне сәйкес әзірленді.

Оның негізгі мақсаты – құжаттың жүзеге асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органын белгілеу.

Құжаттың толық мәтінімен осы жылдың 20 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11962970.